Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы (2007.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі; 2) Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату тәртібін, сондай-ақ астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын белгiлейдi. 2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар: 1) қатысу шарты - қор мен астық қабылдау кәсiпорны арасында жасалған шарт, соның негiзiнде соңғысы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысады; 2) квота - қайтару жөніндегі жауапкершiлiкке қор кепiлдiк беретiн қор белгiлеген әрбiр қатысушы бойынша астық лимитi; 3) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн астық қабылдау кәсiпорындары берген астық қолхаттары бойынша олардың мiндеттемелердi орындамауынан қорғауға бағытталған ұйымдастыру-құқықтық шаралар кешені; 4) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; 5) қатысушы - қормен қатысу шарты жасалған және қолданылып жүрген астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар астық қабылдау кәсiпорны; 6) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн астық қабылдау кәсiпорындары берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi олардың орындамауынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға (бұдан әpi - қop). 2. Қорларды құру, олардың жұмыс iстеу және тарату тәртібі 3. Қорлар қызметiнiң негiзгi мақсаты олардың қатысушылары берген астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады. 4. Қорлар акционерлік қоғам нысанында құрылатын және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк берудi жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. 5. Қордың басқару органдарын қалыптастыру тәртібі мен олардың құзыретi құрылтай құжаттарымен айқындалады. 6. Қордың жеке меншiк капиталының мөлшерi кемiнде бiр миллиард теңге болуы тиiс. 7. Кепiлдiк беру оқиғасы болған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын бiрiншi кезекте қамтамасыз ету мақсатында қорлардың жеке меншiк капиталының мөлшерiнiң кемiнде 80% жоғары дәрежеде өтiмдi қаржы активтерiне (ақша, екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмдерiне енгiзiлген бағалы қағаздар) тұрақты негiзде орналастырылады. 8. Уәкiлеттi орган қорлардың тiзiлiмiн жүргiзедi және қорлардың жұмыс iстеуiне қойылатын талаптарды қорлардың орындауын бақылауды жүзеге асырады. 9. Мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап 3 айдан кешiктiрмейтiн мерзiмде қорлар уәкiлеттi органға олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелгенiн растайтын құжаттарды, құрылтай құжаттарын, сондай-ақ жеке меншiк капиталының мөлшерi мен құрылымы туралы мәлiметтердi ұсынады. 10. Қорлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген негiздемелер бойынша таратылуы мүмкiн. 11. Қорлардың жұмыс iстеуiне қойылатын талаптарды қорлардың бұзуы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорларды тарату туралы талап қою үшiн негiздеме болып табылады. 3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне астық қабылдау кәсiпорындарының қатысу шарттары 12. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу үшiн астық қабылдау кәсiпорындарына мынадай талаптар қойылады: 1) қатысу шартын жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетiне ие болуы; 2) астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы; ҚР Үкіметінің 2004.30.12. № 1432 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2007.02.06 № 453 Қаулысымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді 3) берiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi қаржылық және материалдық ресурстарының болуы, атап айтқанда: астық қолхаттарын ұстаушылар алдында төлеу мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы; қорға өтiнiш тапсырған күннiң алдындағы үш айдан астам мерзiмге салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша төлем мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы; төлем жасауға қабiлеттi болуы, таратылуға жатпауы, оның мүлкi тұтқындалмауы тиiс, оның мүлкi үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк нысаны болмауы тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатыла тұрмауы тиiс; өтiнiш берген күннiң алдындағы он екi ай iшiнде оларға берiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi орындамағаны үшiн сотпен жауапқа тартылу фактiсiнiң болмауы; 4) астық қабылдау кәсiпорнының Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы ақпарат қамтылған уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша уәкiлеттi орган берген анықтамалары болуы тиiс. 13. Қорларға қатысқысы келетiн астық қабылдау кәсiпорындары қорларға астық қабылдау кәсiпорнының осы Ереженiң 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтiнiш бередi: 1) азаматтық құқық қабiлетiн растайтын құжаттар: астық қабылдау кәсiпорнын мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; астық қабылдау кәсiпорны жарғысының нотариалды куәландырылған көшiрмесi; құрылтайшылар құрамы туралы құрылтай шартынан үзiндi көшiрменiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; астық қабылдау кәсiпорны статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 2) астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; ҚР Үкіметінің 2004.30.12. № 1432 қаулысымен 3) тармақша толықтырылды 3) берiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi қаржы және материалдық ресурстардың болуын растайтын құжаттар: астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пунктi) меншiк құқығын және үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша оған түскен ауырлықтың жоқ екенiн растайтын жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықты тiркеу органының заңнамада белгiленген нысандағы анықтамасы; алдағы жылғы және соңғы есептi күнге қаржы-шаруашылық қызмет туралы салық органдары растаған бухгалтерлiк теңгерiм мен есептiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; астық қабылдау кәсiпорнының өткен есептi жылғы жылдық қаржы есептемесiнiң дұрыстығын растайтын аудиторлық қорытындының нотариалды куәландырылған көшiрмесi; астық қолхаттарын ұстаушылардың алдында төлем мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы туралы астық қабылдау кәсiпорнының басшы мен бас бухгалтер қол қойып, астық қабылдау кәсiпорнының мөрiмен куәландырылған астық қабылдау кәсiпорнының хабарлама хаты; астық қабылдау кәсiпорнының өтiнiш берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам мерзiмге банк алдында төлем мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы туралы банк мөрi басылған бiрiншi басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердiң қолы қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы. Егер астық қабылдау кәсiпорны екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, бұл анықтама осы банктердiң әрқайсысынан ұсынылады; өтiнiш берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам мерзiм аралығында астық қабылдау кәсiпорнының салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар төлеу жөнiнде төлем мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы туралы бiрiншi басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрiмен расталған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi; астық қабылдау кәсiпорнының Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы ақпаратты қамтитын, уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша уәкiлеттi орган берген анықтаманың түпнұсқасы; квота мөлшерiн анықтау үшiн қорға қажеттi өзге де құжаттар. 14. Астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысуы жасалған қатысу шарттарының негiзiнде жүзеге асырылады. Қатысу шартын жасау кезiнде тараптар бiр мезгiлде қатысушыны қордан шығару талаптарын белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2004.30.12. № 1432 қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды 14-1. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың қатарына енгiзілген кезде қор қатысушының қаржылық жай-күйiн, қатысушының мүлкiне кепiл ауыртпалықтарының болуын, қатысушының паспорттық сыйымдылығын және астық қоймасының нақты жүктелу көлемiн, қатысушының астық қоймасында сақталатын астық иелерiнiң құрылымын, сондай-ақ қорға берілетiн кепiлдiк қамтамасыз етудiң болуын және сипаттамаларын ескере отырып анықталатын квота белгілейдi. 15. Астық қабылдау кәсiпорнының қорға қатысуы қор беретiн қатысушының куәлiгiмен расталады. 16. Қор өз қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзедi және оны жыл сайын қатысушылар квотасының мөлшерiн көрсетiп, республикалық мерзiмдi бacпacөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етедi. 17. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу: 1) қатысушыны қатысу шартында көзделген қордан шығару жағдайы орын алған кезде; 2) соттың шешiмi бойынша; 3) қатысу шарты тараптарының бiрi таратылған кезде тоқтатылады. Астық қабылдау кәсіпорындарының қорға қатысуы тоқтатылған күннен бастап 30 күн ішінде қор тиісті ақпараттың республикалық мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді. |