|
|
|
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.17.05. № 424 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық (2012.08.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Қор). ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: баға кестесі - кепілдік төлемдердің мөлшерін айқындау үшін қажетті және белгілі бір кезеңге нарықтың құнына сәйкес Қор белгілеген астықтың құнын қамтитын құжат; кепілдік жағдай - уәкілетті органның аумақтық басқармасы белгілеген астық қабылдау кәсіпорнының астықты жоғалту немесе сапасын нашарлату фактісі; кепілдік жағдай туындаған күн - астық қолхаттарының иелеріне уәкілетті органның аумақтық басқармасының міндеттемелерді қатысушының орындамау фактісін растайтын құжатты берген күні; қатысу шарты - Қор мен астық қабылдау кәсіпорны арасында жасалған шарт, соның негізінде соңғысы астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады; қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны; уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2. Қордың кепілдігін алу және Қордың міндеттемелерді өтеу тәртібі
3. Қор Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен берілген астық қолхаттары бойынша міндеттердің орындалуына кепілдік береді. 4. Кепілдік жағдайы туындаған кезде Қор өтем қалыптасқан кездегі, жетіспеген немесе сапасы төмендеген астықтың нарықтық бағасының сексен пайызынан кем емес көлемде қатысушының міндеттемелерін ақшалай өтеуді жүргізеді. 5. Кепілдік жағдайы туындаған кезде астық қолхатын немесе астық қолхатының кепіл куәлігін ұстаушы кепілдік жағдайы туындаған күннен бастап отыз күн ішінде кепілдік төлемді алу үшін Қорға хабарлайды. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Кепілдік төлемді алу үшін Қорға: 1) кепілдік төлемді жүзеге асыруға астық қолхатын ұстаушының еркін нысандағы өтініші; 2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің астықтың жетіспеушілігі немесе сапасының төмендеу фактісін растайтын құжаты (анықтама, акт көшірмесі); ) астық қолхатының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі немесе кепілдік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі (астық қолхатының кепілдік куәлігін ұстаушы өтінген жағдайда); 4) сақтау шартының көшірмесі; 5) астық қолхаты кепілдік куәлігін ұстаушы жүгінген жағдайда - қарыз, кепілдік шарттарының көшірмелері және Қор кепілдік берген, астық қолхатымен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмағандығын растайтын құжаттар; 6) егер астық қолхатын ұстаушы жеке тұлға болса - оның жеке тұлға екенін растайтын құжаттың көшірмесі, егер заңды тұлға болса - құрылтай және тіркеу құжаттарының көшірмелері; 7) кепілдік төлемін алу үшін Қорға өтініш жасау құқығына сенімхат (астық қолхатын ұстаушы жеке тұлғаның өзі немесе заңды тұлғаның басшысы жүгінбеген болса) ұсынылады. Талаптарды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда осы тармақтың 3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 7. Қор астық қолхатын ұстаушының талабын қарайды және оны қанағаттандыру не одан бас тарту туралы шешім шығарады. Талаптарды қарауға кепілдік жағдайдың туындауына жол берген қатысушы тартылады. 8. Астық қолхатын ұстаушының талабын қараудың жалпы мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы қажет. Көрсетілген мерзімде осы Ереженің 11-тармағында көзделген тәртіппен талапты қарауды тоқтата тұру мерзімі қосылмайды. 9. Қор талапты қараған кезде ақпарат үшін мемлекеттік органдарға және/немесе тиісті құзырлы органдарға (ұйымдарға) жүгіне алады, сондай-ақ мамандарды қатыстыра алады. 10. Қор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы талапты қанағаттандырудан мынадай жағдайларда бас тартады: 1) кепілдік жағдайы туындамағанда; 2) талапты қарау мерзімі ішінде қатысушы астық қолхаты бойынша өз міндеттемелерін ерікті түрде орындағанда (кепілдік немесе қоймалық куәліктерге); 3) осы Ережеде белгіленген Қорға жүгінудің мерзімі өтіп кеткен болса; 4) сақтау шартының жасалуына байланысты қатысушы жауапкершіліктен босатылған жағдайда (еңсерілмейтін күштің әрекетін, астық қолхатын ұстаушының кінәсін және абайсыз өрескелдігін қоса алғанда); 5) астық қолхатын жарамсыз деп тану және/немесе қатысушыны астық қолхаты бойынша міндеттемелерден босату жайлы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 6) қатысушы ұсынған астық қолхаттары тізілімінде астық қолхаттары туралы деректердің болмауы; 7) осы Қордың қатысушысы болып табылмайтын астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхатын ұстаушы жүгінген кезде. 11. Қор астық қолхатын ұстаушылардың талаптарын қарауды мынадай жағдайларда тоқтата тұрады: 1) астық қолхаты бойынша кез келген даудың сот тәртібімен шешілуі; 2) құзырлы құқық қорғау және/немесе сот органдарының тиісті шешімінің шығарылуына және/немесе заңды күшіне енуіне дейін - тараптардың жосықсыз іс-әрекеттерінің фактісі бойынша қатысушының және/немесе астық қолхатын ұстаушының лауазымды адамдарының іс-әрекетін құқық қорғау (сот) органдарының қарауы (астық қолхатын қолдан өзгерту кепілдік жағдайының туындауына бағытталған немесе оның туындауына себепші болған астық қолхаттарын ұстаушының және қатысушының заңсыз қасақана іс-әрекетін, ұрлық, оның ішінде сөз байласу, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты беруді қоса алғанда); 3) қажетті ақпаратты және/немесе астық қолхатын ұстаушының талаптарын қарауға тартылған маманның қорытындысын алуға Қор жүгінген жағдайда тиісті жауапты және/немесе қорытындыны алғанға дейін. 12. Уақытша басқару енгізілген қатысушының астық қолхатын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды Қор бірінші кезекте жүргізеді. Бұл ретте Қор мұндай қатысушының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қарағанда уақытша әкімшіліктен кепілдік төлеуді жүргізу мақсатында қажетті ақпаратты талап етуі қажет. 13. Қор астық қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда Қор шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде астық қолхатын ұстаушыға оның есеп шотына ақша қаражатын аудару арқылы кепілдік төлемін жүргізеді. 14. Осы Ереженің 16-тармағына сәйкес астық қолхатын ұстаушыға астық қолхатын (кепілдік куәлікті) көрсеткенде қатысушы бермеген астықтың ғана құны қайтарылады. 15. Қор тиісті шешім қабылданатын ағымдағы айдың бірінші күніндегі жағдайы бойынша астыққа арналған нарықтық құнды қолдана отырып, кепілдік төлемдер жүргізілетін астыққа арналған баға кестесін бекітеді. 16. Кепілдік төлем үш көрсеткіштің: 1) қатысушы бермеген астық көлемінің; 2) астық қолхатында (кепілдік немесе қоймалық куәліктерінде) көрсетілген астықтың сапасына ұқсас сапалық көрсеткіштерге сәйкес баға кестесі бойынша бір тонна астық құнының; 3) 0,8-ден кем емес мөлшерде Қор белгілеген төлем коэффициентінің туындысы ретінде анықталады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 213 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17. Астық қолхатын ұстаушының астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қатысушының алдында берешегі болған жағдайларда кепілдік төлемінен көрсетілген қызметтер үшін қатысушының алдындағы берешектің сомасы шегеріледі. 18. Астық қолхатын ұстаушы алдындағы қатысушының міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған Қорға ол төлеген астық қолхатында Қор пайдасына тапсыру жазбасын жасау арқылы астық қолхатын ұстаушы осы қатысушыға қоятын талап ету құқығы өтеді. Қор қарызды толық көлемде өтемеген жағдайда астық қолхатын ұстаушы тиісті өтелген көлемге сәйкес астық қолхаты бойынша құқықты астықтың көлемін бірнеше астық қолхаттарына бөлу және астық қолхаттары бойынша астықтың тиісті көлемін өткізу арқылы тапсырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |