Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының (2009.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.13.06. № 491 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2005.30.11. № 1176 (бұр.ред.қара); 2007.13.06. № 491 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1253 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Бауыржан Жұмаханұлы Омаров енгiзiлсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара); 2007.13.06. № 491 (бұр.ред.қара); 2009.15.06. № 907 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекітілсiн. ҚР Үкіметінiң 20.03.04 ж. № 364 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды 4. Е.Қ. Бекқожин "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалының директоры болып бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5 тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келісімнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын. ҚР Үкіметінің 29.06.02 ж. № 710; 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6 тармақ өзгертілді 6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келісімдi жасасу жөніндегі өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсiн. 7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
|