Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн
көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы
(2009.06.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен тақырыбында және 2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацын және 3-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, мәтінде «жеңіл» деген сөз алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру;
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:
«Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
2010 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдасын;
2) 2010 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;
3) ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.
5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшін ұқсас Нормативтер әзiрлеу мен бекіту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалану шығыстарының лимитi шегiнде көлiк қызметiн көрсетуге жасалған шарттарға қатаң сәйкес қаражаттардың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Н. Балғымбаев |
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен Қосымшаның тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 725 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «жеңіл» деген сөз алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359; 22.08.01 ж. № 1098; 14.02.02 ж. № 216; 2005.18.03. № 248 (бұр. ред. қара); 2005.02.12. № 1185 ; 2006.08.08. № 745 (бұр.ред.қара); 2007.09.04. № 281 ; 2008.31.07. № 725 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 839 (бұр.ред.қара) қаулыларымен нормативке өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 2009.06.08. № 1189 Қаулысымен тиістілік норматив жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
№ 663 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі
Р/с № | Мемлекеттік органның атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км) |
қызметтік (1 бірлік) | кезекші (оның ішінде автобустар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | | Парламент Палатасының Төрағасы | 1 | | | 2600 |
Премьер-Министр | 1 | | | 2600 |
Мемлекеттік хатшы | 1 | | | 2600 |
2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің көмекшісі | 1 | | | 2600 |
Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы | 1 | | | 2000 |
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
Президент Кеңсесінің бастығы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Протокол бастығы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | | | 2000 |
Астана қаласында | 15 | | | 2600 |
Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету | | 5 | | 2600 |
Қонақтарға арналған | | 25 | | *** |
3 | Президенттің Іс басқармасы | Президенттің Іс басқарушысы | 1 | | | 2600 |
Президенттің Іс басқарушысының орынбасары | 1 | | | 2600 |
Аппарат, ведомство басшысы | 1 | | | 2000 |
4 | Парламент | Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары | 1 | | | 2600 |
Тұрақты комитет төрағасы | | 1 | | 2000 |
Депутаттар | | 3-не 1 бірлік | | 2600 |
5 | Парламент Аппараты | Парламент Палатасының аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
Парламенттің аппарат басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
Қонақтарға арналған | | 4 | | *** |
6 | Премьер-Министрдің Кеңсесі | Премьер-Министрдің орынбасары | 1 | | | 2600 |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | 1 | | | 2600 |
Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
7 | Конституциялық Кеңес | Төраға | 1 | | | 2600 |
Конституциялық Кеңес мүшелері | 1 | 1 | | 2000 |
Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
8 | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы) | Төраға | 1 | | | 2600 |
Төрағаның орынбасары | 1 | | | 2600 |
Есеп комитетінің мүшелері | 1 | | | 2000 |
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері | | 5-не 2 бірлік | | 2600 |
Есеп комитетінің аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
9 | Жоғарғы Сот | Жоғарғы Соттың Төрағасы | 1 | | | 2600 |
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы | 1 | | | 2600 |
Жоғарғы Соттың судьялары | | 3-не 1 бірлік | | 2600 |
Жоғарғы Соттың аппарат басшысы | 1 | | | 2000 |
Жоғарғы Соттың аппарат басшысының орынбасары | 1 | | | 2000 |
Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасы | 1 | | | 2000 |
Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | | | 2000 |
10 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | | | 2600 |
Сот алқасының төрағасы | 1 | | | 2600 |
11 | Аудандық және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | | | 2600 |
12 | Бас прокуратура | Бас прокурор, Бас әскери прокурор | 1 | | | 2600 |
Бас прокурордың, Бас әскери прокурордың орынбасары | 1 | | | 2600 |
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы | 1 | | | 2000 |
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | | | 2000 |
13 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | | | 2600 |
Прокурордың орынбасары | 1 | | | 2600 |
14 | Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | | | 2600 |
15 | Министрліктер мен агенттіктер | Министр | 1 | | | 2600 |
Агенттік төрағасы | 1 | | | 2600 |
Министрдің орынбасары | 1 | | | 2600 |
Агенттік төрағасының орынбасары | 1 | | | 2600 |
Жауапты хатшы | 1 | | | 2600 |
16 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері | Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі | 1 | | | 5000 |
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары | 1 | | | 5000 |
Облыстық мәслихат хатшысы | 1 | | | 2600 |
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы | 1 | | | 2600 |
17 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі | 1 | | | 3900 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары | 1 | | | 3900 |
Аудандық мәслихат хатшысы | 1 | | | 2000 |
Аудандағы қала, қаладағы, селодағы, селолық округтегі, кенттегі, ауылдағы аудан әкімі | 1 | | | 3900 |
18 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | | | | | |
100-ге дейін | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
100-ден 200-ге дейін | | | 2 | 3000-нан көп емес | *** |
200-ден 300-ге дейін | | | 3 | 3000-нан көп емес | *** |
300-ден 500-ге дейін | | | 4* | 3000-нан көп емес | *** |
500-ден жоғары мемлекеттік органдардың орталық аппаратына, олардың ведомстволарын қоса алғанда, көлік қызметін көрсету | | | 5 | 3000-нан көп емес | *** |
19 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | | | | | |
100-ге дейін | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету | | | 2 | 3000-нан көп емес | *** |
20 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
21 | Облыстық бюджеттен қаржыландыр ылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
22 | Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету | | | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді