Қазақстан Республикасы Президентінің (2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2018.16.11. № 791 Жарлығымен бүкіл мәтіні бойынша «республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына тексеру комиссиялары мен олардың аппараттарын тарату ұсынылсын. 2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері: 1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді - тексеру комиссияларын құруды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қамтамасыз етсін; 2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Мыналар: 1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру; 2) барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарына бақылау объектілерін енгізуге ұсыныстар енгізу құқығы; 3) құрылатын тексеру комиссиялары жыл сайын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп ұсынады; 4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындауды және босатуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін біліктілік талаптарын ескере отырып, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары жүзеге асырады; 5) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіреді (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау) деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|