ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2012.17.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті тізбесі осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, тізбесі осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Уәкілетті органға өтініш білдірген жағдайда: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|