Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру»
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - өтініш берушіге азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің 216-224-тармақтарының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының шегіндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады, мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Егер азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды шетелден сұратқан кезінде, аумақтық әділет органдарына жүгіну қажет. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталған нысаны азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан немесе анықтаманы беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: Тұтынушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттар уәкілетті органға түскен күннен бастап 5 күнтізбелік күн, азаматтық хал актісін басқа аумақтық бірлікте тіркеген жағдайда, тұтынушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды; 2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді ол: 1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін; 2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,3 мөлшерін құрайды. Мемлекеттік банк және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы тиісті жергілікті бірліктің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлем құжаттар беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкімет төлем шлюз» арқылы берілген төлем туралы чек). Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін; 3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер ауыстырылып берілгені үшін; 4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлікті қайтадан бергені үшін растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздері және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. жексенбіні және мерекелік күндерді қоспағанда аптасына алты күн, Орталықтардың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз ұсынылады. Филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға, жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланктер үлгісі бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар: 1) куәліктерді қайтадан беру және анықтама жөніндегі белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) өтініш иесінің жеке басын растайтын құжатты; 3) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсынады. Қайтыс болуы туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлік тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ өкілдік үшін жазбаша (нотариалдық куәландырылған сенімхат) сенім білдірген (сенім білдірген) өкілеттік берілген басқа тұлғаға (сенім білдірген өкіл) осы тұлғадан (сенім білдірушіден) беріледі. Қайтыс болуы туралы қайталама куәлік қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тізіміне енетін туыстарына беріледі. 13. Өтініш бланкілері Орталықтың күту залындағы арнайы бағандар не Орталықтың консультанттарында орналастырады. 14. Мемлекеттік қызмет алу үшін Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толық екендігін тексеруді, журналда тіркелуді және жинақтаушы бөлімінің инспекторына жолдануды жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттардың жинауын, тізілім құрастыруды және уәкілетті органға жолдауды жүзеге асырады. Орталық қоса берілген құжаттарымен өтініштерді тиісті уәкілетті органға және кері қайтара жеткізуді курьерлік байланыс арқылы осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті органның маманы оларды осы стандарттың 12-тармақшасына сәйкес келуін тексереді, уәкілетті органның мұрағатында жене/немесе электрондық базаны пайдаланып акт жазбасының бар екендігін тексереді; акт жазбасы бар болған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан немесе анықтаманы дайындайды; акт жазбасы болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу туралы акт жазбасы жоқтығы туралы хабарламаны дайындау үшін аумақтық әділет департаментіне тиісті хабарлама жолдайды; дайын құжаттарды тұтынушыға табыс ету үшін Орталыққа жолдайды. Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімінің өтуінен бір күн бұрын түсуі тиіс. 15. Тиісті құжаттар қабылдаған кезде тұтынушыға: 1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі; 2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны; 5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. Қолхатта мыналар айтылады: азаматтық хал актілерін жазу (бұдан әрі - АХАЖ) бөлімдерінің тіркеу фактісін растайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар; акт жазбасының көшірмесі тек мемлекеттік органға сауал бойынша беріледі. 16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартатын болады. Уәкілетті орган, Орталықтан түскен құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген жағдайда пакетін алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде бас тарту/қайтару себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді. Құжаттар пакетті алғаннан кейін Орталық, оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны мәлімдейді және бас тарту/қайтару себептері туралы уәкілетті органның жазбаша дәлелдеуін береді. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға қайтарып береді. Уәкілетті органдағы құжаттардың сақталуы мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
18. Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Орталық инспекторларының іс әрекетіне (әрекет етпеуіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық телефоны: 58-00-58 арқылы алуға болады. Орталықтардың басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады. Орталықтардың басшыларының мекен-жайы және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Шағымдарды қараудың нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
24. Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады. Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайы 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтың ғимараттарындағы стендтерде орналастырылады. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы http://www.minjust.kz, телефон 74-06-38.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Туу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Туу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы келесіні хабарлаймын: Тегім ______________ Атым _______________ Әкемнің аты _______________ _______________________________________________________________ тудым (облыс, аудан,қала/ауыл, күні, айы, жылы) Ата-анам: Әкем ________________________________________________________________ Шешем _______________________________________________________________ Құжат _____________________________________________ байланысты қажет. (себепті көрсету)
20__ жылғы «__» _____________ Өтініш берушінің қолы _________________
Неке қию туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Неке қию туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы келесіні хабарлаймын: Тегім ______________ Атым _________________ Әкемнің аты _____________ Неке _______________________________________________________ қиылған (ерлі-зайыбының аты-жөні) Неке қию орны _______________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Неке қию уақыты _____________________________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат _____________________________________________ байланысты қажет. (себепті көрсету) 20__ жылғы «__» _____________ Өтініш берушінің қолы _________________
Неке бұзу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Неке бұзу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы келесіні хабарлаймын: Тегім ________________ Атым ______________ Әкемнің аты ______________ Неке _______________________________________________________ бұзылды. (ерлі-зайыбының аты-жөні) Неке бұзу орны ______________________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Неке бұзу уақыты ____________________________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат _____________________________________________ байланысты қажет. (себепті көрсету) 20__ жылғы «__» _____________ Өтініш берушінің қолы _________________
Әкелікті анықтау туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Әкелікті анықтау туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы келесіні хабарлаймын: Тегім ______________ Атым ______________ Әкемнің аты ________________ Әкелік анықтау тіркеу орны __________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Әкелік анықтау тіркеу уақыты ________________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себепті көрсету)
20__ жылғы «__» ____________ Өтініш берушінің қолы __________________
Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы келесіні хабарлаймын: Тегім _______________ Атым _______________ Әкемнің аты ______________ Бала (қыз) асырап алу тіркеу орны ___________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Бала (қыз) асырап алу тіркеу уақыты _________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себепті көрсету)
20__ жылғы «__» ____________ Өтініш берушінің қолы __________________
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, өзім туралы келесіні хабарлаймын: Тегім _________________ Атым _______________ Әкемнің аты ____________ Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту орны _____________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту уақыты ___________________________ (күні, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себепті көрсету)
20__ жылғы «__» _____________ Өтініш берушінің қолы _________________
Қайтыс болу туралы қайталама куәлікті беру туралы өтініштің үлгісі
______________________________ облысының ______________________________ ауданының АХАЖ бөліміне ________________________________________ (азаматтың т.а.ә.) ________________________________ тұратын (қала, аудан, көше, үйдің нөмірі) Жеке куәлік № __________________________ (нөмірі, кім және қашан берді)
ӨТІНІШ
Қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтаманы) беруді (жіберуді) өтінемін, қайтыс болған тұлға туралы келесіні хабарлаймын: Тегі _________________ Аты ______________ Әкесінің аты ______________ Қайтыс болу тіркеу орны _____________________________________________ (аудан, қала, АХАЖ органы) Қайтыс болу уақыты __________________________________________________ (күні, айы, жылы) Құжат ______________________________________________ байланысты қажет (себепті көрсету)
20__ жылғы «__» ________________ Өтініш берушінің қолы ______________
|