«Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы
№ 1064 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 шілдедегі № 884 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы елордасын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласының мәслихаты мақұлдаған қосымшаға сәйкес Астана қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін»;
2) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 шілдедегі
№ 884 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 15 тамыздағы
№ 1064 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың мақсаты
Астана қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) қаланың тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында Астана қаласының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.
Бас жоспар:
қаланы егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобаларын;
перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларды;
қаланың инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамыту схемасын;
қала маңы кешенінің аумақтарын сақтауды, дамытуды және абаттандыруды;
тұрғын үйлерді қайта жаңартуды және өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыруды;
қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды дамытуды;
туризм және демалыс объектілерін дамыту жоспарын;
қала ортасын кешенді абаттандыруды және эстетикалық ұйымдастыруды;