Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы (2019.24.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын. 2. ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін. 4. ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 1) ҚР Үкіметінің 2011.02.09. № 1003 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|