Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы (2010.20.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін: 1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»; 2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»; 4) «Мұрағаттық анықтамалар беру». 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дұрыс әрі уақтылы статистикалық есепке алу және оның жай-күйін талдауды жүзеге асыру мақсатында мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою және мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (куәлік телнұсқасын) беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабы 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі: өтініш Комитет кеңсесінде тіркелген күннен бастап 15 күн ішінде; мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 5 минут. 8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алынатын алым ставкасы мынаны құрайды: 1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеу күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш; 2) өзге тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күні қолданылатын бес айлық есептік көрсеткіш. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін төленетін алым ставкасы мынаны құрайды: осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептік көрсеткіш; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеу күні қолданылатын төрт айлық есептік көрсеткіш. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады. Алым Қазақстан Республикасының банктері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын түбіртек береді. 9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электрондық Үкімет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz, ресми ақпарат көздерінде, «Министрліктер үйі» ғимаратындағы ақпараттық тақталарда орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіден басқа күндері күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Қызмет мына мекенжайда көрсетіледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 227-кабинет. Үй-жайдың жұмыс істеу режимі: күн сайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құқықтық тәртіпті қолдау үшін үй-жайда тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мына құжаттарды ұсынады: 1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 4) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, тілінің, таралу аумағының, негізгі тақырыптық бағытының және шығару мерзімділігінің өзгеруіне байланысты) тұтынушы мыналарды ұсынады: 1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 4) бұрын берілген мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы;; 5) меншік иесі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжат талап етіледі; 6) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін иелену құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарт. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлікті жоғалтып алуға байланысты телнұсқа алу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады: 1) жоғалу себептерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 4) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкісін Комитет қызметкерлері мына мекенжайда береді: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 227-кабинет, телефон: (7172) 74-04-73, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz орналастырылады. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мына мекенжай бойынша тіркеледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 227-кабинет, телефон: (7172) 74-04-73. 15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алғанын Комитеттің осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып, оларды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі растайды. 16. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік тұтынушының жеке өзіне беріледі не пошта арқылы жіберіледі. Тұтынушыға дайын құжаттар мына мекенжайда беріледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 227-кабинет, телефон: (7172)74-04-73. 17. Өтініш берушінің осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін өткізбеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болады.
18. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, жеткілікті әрі толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігінің мақсатты көрсеткіштерін жыл сайын Комитеттің жауапты қызметкерлерінен арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
21. Комитеттің уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Комитеттің мемлекеттік сатып алулар және ұйымдастыру құқықтық жұмыс басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша түсіндіреді: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 221-кабинет, телефон: (7172) 74-04-79. 22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда Комитет төрағасының атына шағым беріледі. Шағым жазбаша түрде поштамен, не қолдан Комитет кеңсесі арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 224-кабинет, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары сатыда қарауды талап етсе, тұтынушы шағымды жазбаша, сондай-ақ электронды түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының атына мына мекенжайға жібере алады, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 309 кабинет, телефон: (7172)74-01-63. Даулы мәселелер азаматтық сот ісі тәртібімен шешіледі. 23. Қабылданған шағым Комитеттің кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді. Шағымды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы, не электронды поштамен хабарланады.
24. Комитет басшыларының жұмыс істеу және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында белгіленген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес анықталады. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, 225-кабинет. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51. 25. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.mki.gov.kz.
есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасына _____________ -дан/ден, -тан/тен
Өтініш
Сізден ________________________________________________________________________ мерзімді баспасөз басылымын (атауы) немесе ақпарат агенттігін есепке алуды (қайта есепке алуды, телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын (мерзімді баспасөз басылымы үшін түрі көрсетіледі). (Қайта есепке алу және телнұсқа беруді жүзеге асырғанда себебі көрсетіледі). Меншік иесінің атауы, заңды мекен жайы (телефоны) _________________________________________________________________ Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің атауы ____________________________________________________ Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің тілі _______________________________________________________________________________________________________________ Жиілігі _________________________________________________________________________________________________________ Тақырыптық бағыты _____________________________________________________________________________________________ Таралу аумағы ___________________________________________________________________________________________________ Редакцияның мекен жайы _________________________________________________________________________________________ Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________________________________________ Қолы, күні, мөрі Ескертпе: Мерзімді баспасөз басылымның түрі деп газет немесе журнал танылады.
есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
|