«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1337 қаулысымен бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерлерге ауыстыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|