|
|
|
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері (2013.05.03. берілген өзгерістермен)
2007 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге қоса берілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қаржы ережелерінің 2-бабы b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1738 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды қаржыландыруды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 013 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында, халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1738 Қаулысымен (2011 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 211 Қаулысымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) смета жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысымен бекітілген
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |