|
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы (2011.24.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы (бұдан әрі - Даңқ Кітабы) тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі; Даңқ Кітабының сипаттамасы бекітілсін. 3-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Даңқ Кітабын дайындауды, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне беруді және қажеттілігіне қарай оны кейіннен дайындауды қамтамасыз етсін. 4-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесі Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау үшін жауапты болып белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 538 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|