Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 2) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 270-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 144-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі
Осы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралык стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді (бұдан әрі - үміткерлер) іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - «Болашақ» халықаралық стипендиясы) дербес болып табылады және оны Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) мынадай мақсаттарда тағайындайды: 1) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі - басым мамандықтар тізбесі) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша олардың арнаулы жоғары білім, бакалавр, магистр, доктор дәрежесін алуы үшін, клиникалық ординатурада оқу үшін, сондай-ақ медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін оқыту; 2) басым мамандықтар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымдарының және мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарында және зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерін оқыту және ғылыми тағылымдамадан өткізу үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен зертханаларының тізімін (бұдан әрі - Тізім) Республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - Жұмыс органы) бекітеді. Басым мамандықтар тізбесін жыл сайын әрбір мамандық бөлінісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті мөлшерін анықтау арқылы Жұмыс органының үсынуы бойынша Республикалық комиссия бекітеді. 2. Жыл сайын «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу басталғанға дейін әрбір күнтізбелік жылға тағайындалатын «Болашақ» халықаралық стипендиясының жалпы санынан Республикалық комиссия мынадай санаттарға арнап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға квота белгілейді: 1) Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын немесе техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, ауылдық елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарында кемінде 9 жыл оқыған арнаулы жоғары білім, бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер; 2) конкурсқа қатысу сәтінде соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметте үзіліссіз жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын магистр дәрежесін алуға, клиникалық ординатурада оқуға үміткерлер; 3) конкурсқа қатысу сәтінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім ұйымдарының соңғы 3 жылда ғылыми немесе педагогикалық жұмыс өтілі бар ғылыми немесе педагог қызметкерлер болып табылатын магистр дәрежесін алуға, клиникалық ординатурада оқуға үміткерлер; 4) конкурсқа қатысу сәтінде мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және жоғары білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлері болып табылатын, конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған сәттегі соңғы жылды қоса алғанда, көрсетілген мекемелерде ғылыми қызметкер ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер. 3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоса алғанда, үміткерлердің құжаттарды ұсынуы мен конкурсқа қатысуы осы Ереженің 2-6 тарауларында көрсетілген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 4. Жұмыс органы жыл сайын бекітетін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған кезде олар осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі мәніне зерделенеді. Құжаттар осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда үміткер оның құжаттары қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде міндетті түрде жазбаша хабардар етіліп, конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Үміткер сәйкессіздіктерді құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жоя алады. Сәйкессіздіктер жойылған жағдайда ол конкурсқа қатысуға жіберіледі. 5. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және өзіне шығыстардың мынадай түрлеріне ақы төлеуді қамтиды: 1) «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіруге, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы Ереженің 6-тарауында көрсетілген отандық ұйымдардың, шетелдік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ шет мемлекеттердің уәкілетті органдары анықтайтын шетелдік ұйымдардың (бұдан әрі - шетелдік серіктестер) үміткерлердің мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау, үміткердің оқуға деген қабілеттерінің психологиялық диагностикасын жүргізу, пәндік емтихандарды өткізу жөніндегі қызметтеріне байланысты шығыстар; 2) «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерін (бұдан әрі - конкурс жеңімпаздары) оқытуды және олардың ғылыми тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыруға байланысты шығыстар: визаларды (консулдық алымды) ресімдеуге, шетелдік жоғары оқу орындарына, ғылыми орталықтарға, зертханаларға сауалнамалық нысандар ресімдеу және тапсыру, қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында конкурс жеңімпаздарын тіркеу ақылары, оқыту, академиялык оқуға түсу кезінде, сондай-ақ конкурс жеңімпазын оқыту /оның ғылыми тағылымдамадан өту процесінде қажетті шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, зертханалардың талаптары бойынша көрсетілетін міндетті қызметтер, тұру, тамақтану, оқу әдебиетін сатып алу, оқитын елінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, ғылыми орталықтың, зертхананың талаптарына сәйкес міндетті медициналық сақтандыру, конкурс жеңімпазының банктік карточкасын жасау және оған қызмет көрсету, шетелдік жоғары оқу орындарының немесе шетелдік серіктестердің конкурс жеңімпаздарының үлгерімі туралы ресми құжаттарды (транскрипттерді) беруі, жазатайым оқиғалар мен кенеттен ауру пайда болудан шетелдік студенттер үшін көзделген медициналық сақтандыру, «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін тұратын жерінен оқитын немесе ғылыми тағылымдамадан өтетін жеріне дейін және оқу аяқталғаннан немесе ғылыми тағылымдамадан өткеннен кейін қайта оралу, әрбір оқу (академиялық) жылынан кейін тұратын жеріне дейінгі және қайта оралу жолақысы, шетелдік серіктестердің конкурс жеңімпаздарының оқуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстар. 6. Жұмыс органы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары және/немесе шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары, зертханалары және/немесе шетелдік серіктестер ұсынған құжаттардың негізінде осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген шығыстар нормаларын әзірлейді. 7. «Болашақ» халықаралық стипендиясы жоғары арнаулы білім, әрбір дәрежені (бакалавр, магистр, медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты, доктор) алу үшін, клиникалық ординатурада оқу және ғылыми тағылымдама бойынша бір рет тағайындалады.
2. Жоғары арнаулы білім, бакалавр дәрежесін алу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
8. Конкурсқа қатысуға жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі жоқ мынадай санаттағы адамдар жіберіледі: 1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта оқу орнынан кейінгі білімі бар және Тізімге енгізілмеген Қазақстан Республикасының және шет елдің жоғары оқу орындарында оқымайтын адамдар; 2) Тізімге енгізілмеген Қазақстан Республикасының және шет елдің жоғары оқу орындарының 1, 2-курстарында (оқу жылдарында) оқитын адамдар; 3) Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына жоғары арнаулы білім, бакалавр дәрежесін алу үшін академиялық оқуға өз бетімен түскен немесе академиялық бағдарламаларда оқып жатқан адамдар. 9. Үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары мыналар болып табылады: 1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта оқу орнынан кейінгі білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың орташа балы кемінде 4,50 балға (5,0 ішінен) немесе шетелдік білім беру ұйымдары берген тиісті құжатты ұсынған жағдайда Жұмыс органы анықтайтын оның баламасына сәйкес болуы; 2) осы Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқып жатқан адамдар үшін оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балы (ол бар болған жағдайда) кемінде 4,50 балға (5,0 ішінен) немесе Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесіндегі (бұдан әрі - бағалар баламалылығы кестесі) оның баламасына сәйкес болуы; 3) осы Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шетелдің жоғары оқу орындарында оқып жатқан адамдар үшін оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балы (ол бар болған жағдайда) баламасын Жұмыс органы анықтайтын кемінде “жақсы” бағаға сәйкес болуы; 4) осы Ереженің 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балы (ол бар болған жағдайда) бағалар баламалылығы кестесіне сәйкес кемінде «жақсы» бағаға сәйкес болуы. 10. Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды тапсырады: 1) негіздеме-өтініш; 2) Жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама; 3) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) қосымшаларымен бірге жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі күжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 5) шетелге бара жатқан адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Осы Ереженің 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген және бұл ретте конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған сәтте шетелде жүрген адамдарға көрсетілген құжатты ұсыну қажеттігі қолданылмайды; 6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; 7) осы Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар олардың мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, көрсетілген оқу орнында қолданылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ бар болған жағдайда, оқудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы қосымша тапсырады; 8) осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар жергілікті атқарушы органдар берген, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын немесе техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ауылдық елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарында кемінде 9 жыл оқығандығын растайтын ресми анықтаманы қосымша тапсырады; 9) оқуға түсу кезінде шығармашылық емтихандарды тапсыру талап етілетін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысатын, сондай-ақ осы Ереженің 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар қосымша академиялық оқуға сөзсіз (қаржылық шарттарды қоспағанда) қабылданғанын растайтын және бар болған жағдайда, шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/жоғары оқу орнындағы оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында қолданылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген нысандағы анықтаманы қосымша тапсырады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармаларын ұсыну қажет; 10) ол бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы қолданыстағы ресми сертификаттың көшірмесі; 11) ол бар болған жағдайда, грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғысхаттардың және басқа да тиісті құжаттардың көшірмелері; 12) ол бар болған жағдайда, ұсынымдық хаттар. 11. Конкурсты өткізу кезінде өзге де тепе-тең жағдайда «Алтын белгі» белгісінің иегерлері, тізбесін Жұмыс органы белгілейтін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар), соңғы үш жылда республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының және спорт жарыстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар) жеңімпаздары, сондай-ақ олардың таңдаған мамандықтары олар жеңімпаз болып табылатын олимпиада, конкурс немесе жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар) жеңімпаздары басым құқыққа ие болады.
3. Магистр дәрежесін алу, сондай-ақ клиникалық ординатурада оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
12. Конкурсқа қатысуға мынадай санаттағы адамдар жіберіледі: 1) жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі бар адамдар; 2) магистр дәрежесін алуға, сондай-ақ клиникалық ординатурада оқу үшін Тізімге енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына академиялық оқуға өз бетімен түскен немесе оларда оқып жатқан адамдар. 13. Үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары мыналар болып табылады: 1) осы Ереженің 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 4,50 балға (5,0 ішінен) немесе оның бағалар баламалылығы кестесіндегі баламасына сәйкестігі және осы диплом бойынша мамандығы Жұмыс органы бекітетін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіндегі шетелде оқуға таңдалған мамандыққа сәйкес болуы; 2) осы Ереженің 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 4,00 балға (5,0 ішінен) немесе оның бағалар баламалылығы кестесіндегі баламасына сәйкес болуы; 3) осы Ереженің 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген және бұл ретте магистр дәрежесін алу, сондай-ақ клиникалық ординатурада оқу үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқып жатқан адамдар үшін шетелдің тиісті жоғары оқу орнындағы оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балы бағалар баламалылығы кестесіндегі кемінде «жақсы» бағаға сәйкес болуы. 14. Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды тапсырады: 1) негіздеме-өтініш; 2) Жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама; 3) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) шетелге бара жатқан адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Осы Ереженің 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген және де конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған сәтте шетелде жүрген адамдарға көрсетілген құжатты ұсыну қажеттігі қолданылмайды. 6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; 7) оқуға түсу кезінде шығармашылық емтихандарды тапсыру талап етілетін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысатын, сондай-ақ осы Ереженің 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар (қаржылық шарттарды ескермегенде) академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттың көшірмесін және бар болған жағдайда, шетел жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты және/немесе оқу мамандығы, курсы (оқу жылы), нысаны, аталған оқу орнында қолданылатын бағалау жүйесі туралы ақпарат, сондай-ақ жоғары оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген нысандағы анықтаманы қосымша тапсырады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармаларын ұсыну қажет; 8) осы Ереженің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар соңғы 3 жылда олардың зейнетақы аударымдарын төлегендігін растайтын ресми анықтаманы (зейнетақы қорынан үзінді көшірме), сондай-ақ олардың еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қосымша тапсырады; 9) ол бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі; 10) ол бар болған жағдайда, басқа оқу орындарында оқығанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 11) ол бар болған жағдайда, грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғысхаттардың және басқа да тиісті құжаттардың көшірмелері; 12) ол бар болған жағдайда, ұсынымдық хаттар.
4. Доктор дәрежесін, медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
15. Конкурсқа қатысуға доктор дәрежесін, медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына академиялық оқуға өз бетімен түскен немесе оларда оқып жатқан адамдар жіберіледі. 16. Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды тапсырады: 1) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе; 2) Жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама; 3) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) қосымшасымен бірге дипломның (бакалавр, маман, магистр және/немесе ғылым кандидаты) нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) шетелге бара жатқан адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған сәтте шетелде жүрген адамдарға көрсетілген құжатты ұсыну қажеттілігі қолданылмайды. 6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; 7) осы Ереженің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар қосымша соңғы 3 жылда олардың зейнетақы аударымдарын төлегендігін растайтын ресми анықтаманы (зейнетақы қорынан үзінді көшірме), сондай-ақ олардың еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсырады; 8) мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармаларымен қоса медициналық мамандықтар бойынша ғылым кандидаты дәрежесін, доктор дәрежесін алу үшін оқуға (қаржылық шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың немесе оқу фактісін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 9) ол бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нэтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі; 10) ол бар болған жағдайда, ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі; 11) ол бар болған жағдайда, грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғысхаттардың және басқа да тиісті құжаттардың көшірмелері; 12) ол бар болған жағдайда, ұсынымдық хаттар.
5. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі
17. Конкурсқа қатысуға осы Ереженің 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, жіберуші ұйым (Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымы немесе жоғары оқу орны) Тізімге енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында бір айдан он екі айға дейін (тілдік курстан өту мерзімдерін ескермегенде) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынған адамдар жіберіледі. 18. Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды тапсырады: 1) негіздеме-өтініш; 2) Жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама; 3) жіберуші ұйымның (Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымы немесе жоғары оқу орнының) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалатын ұсынымдық хаты; 4) мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары бар ғылыми тағылымдамаға қабылдаушы ұйымның (шетелдік жоғары оқу орнының, ғылыми орталықтың немесе зертхананың) сөзсіз шақырғандығын растайтын (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін көтеру шарттарын қоспағанда), ғылыми тағылымдамадан өту мерзімдері көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 5) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған, ғылыми тағылымдамаға жіберуші ұйыммен (Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымымен немесе жоғары оқу орнымен) және ғылыми тағылымдамаға қабылдаушы ұйыммен (шетелдік жоғары оқу орнымен, ғылыми орталықпен немесе зертханамен) келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасы; 6) негізгі жұмыс орнының мөрімен куәландырған ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі; 7) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 8) қосымшасымен бірге дипломның (бакалавр, маман, магистр, ғылым кандидаты және/немесе доктор) нотариалды куәландырылған көшірмесі; 9) шетелге бара жатқан адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; 10) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; 11) ол бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың көшірмесі; 12) соңғы 3 жылда зейнетақы аударымдарын төлегендігін растайтын ресми анықтама (зейнетақы қорынан үзінді көшірме), сондай-ақ еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. 19. Үміткерлер осы Ереженің 32-тармағында көрсетілген тәртіппен және шарттарда тілдік курстарға жіберілуі мүмкін.
6. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді өткізу тәртібі
20. Үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде зияткерлік және кәсіби даярлық, азаматтық жетілу, мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру, психологиялық даярлық деңгейін анықтау арқылы жүргізіледі. 21. Конкурсқа қатысуға көрсетілген адамдардың конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде міндетті түрде жазбаша хабардар етіле отырып, осы Ережеге сай шарттарға жауап беретін және құжаттарды ұсынған адамдар жіберіледі. |