|
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылдың 30 желтоқсанындағы № 647 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5480 тіркелген, Қазақстан Республикасы 2009 жылғы № 4 Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік орталық органдардың актілерінің жинағында жарияланған) бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынандай өзгерістер енгізілсін: Бұйрық атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы бекітілсін.»; Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|