Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығы
(2013.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2012.22.02. № 105 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2012.22.02. № 105 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Тәшенев Б.Х.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2012.22.02. № 105 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 647 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі
туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау
қағидасы
1. Жалпы ережелер