Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 631-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 734 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы (бұдан әрі - Қызыл кітап) Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтер жиынтығын, оларды зерттеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шараларды қамтитын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің түрлі-түсті суреттермен безендірілген басылымы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|