Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі бекітілсін. 2. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 2 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4562 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамызда № 124 (1153) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығымен бекітілген
Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|