Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8 және 19-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін. 2. «Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4549 нөмірмен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министірінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 бұйрығымен бекітілген
Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8 және 19-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемесі) рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|