Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі біліктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекіту туралы (2010.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының»Байланыс туралы«және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен тараптары мен өлшемдері өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік тараптары мен өлшемдері
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде (бұдан әрі - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары (бұдан әрі - ҚХБО) жүзеге асырады. ҚХБО қызметі уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған тиісті лицензиялармен анықталады. ҚХБО-ны айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдер: ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде өтiнiш берушi мен операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады: 1) ҚХБО Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген уәкiлеттi органның келісімiнсiз дербес жеке және заңды тұлғалардың немесе топ құрамындағы тұлғалардың меншігіне он пайыздан астам дауыс беретiн акцияларды, сондай-ақ байланыс жолдарын басқару немесе пайдалану жөніндегі қызметтi иеленетiн және (немесе) жүзеге асыратын ұйымдардың үлестерiн, жарналарын сатпайды немесе өзгеше тәсiлмен бермейдi; 2) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары қолданыстағы және пайдалануға берілетiн жаңа телекоммуникация желiлерiнде және байланыс құралдарында арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісім бойынша уәкiлетті орган анықтайтын жедел-iздестiру iс-шараларын қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi; 3) ҚХБО мәртебесiн беретiн лицензияны алуға (қайта ресiмдеуге) өтiнiш берген кезде өтiнiш берушi (байланыс операторы) өтiнiш берушiнiң (байланыс операторының) акционерлерi (ортақ құрылтайшылары) арасындағы акциялар пакеттерiн (үлестерiн, жарналарын) бөлу жөніндегі құжаттарды беруге тиiс. Акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты ұсынады; 4) ҚХБО телекоммуникация желісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер үсті сегменттерi мен коммутациялық тораптарды, басқару орталығын қамтуы тиiс. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Трафик транзитiн қамтамасыз ету және жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн дамытуға қатысу бойынша қойылатын талаптар: 1) ҚХБО Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi транзитiнiң трафигiн iске асыру үшiн желiлiк ресурстарға сұраныстарды ескерiп, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісім бойынша, үкiметтiк байланыстың техникалық мүмкiндiктерi мен жабдықталғандығын ескерiп, телекоммуникация желілерiн жаңғыртады, дамытады және магистральды байланыс жолдарын салады; 2) ҚХБО Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн бағдарламаларға сәйкес өздерiнiң телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн қамтамасыз ететiн желiлерiн құруды (дамытуды) дербес қарастырады. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. ҚХБО телекоммуникация желісіне қойылатын талаптар осы ҚХБО белгiлеу бойынша біліктiлiк талаптары мен өлшемдерi қосымшамен айқындалады. ҚХБО желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру уәкiлеттi орган бекiтетiн Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторын белгiлеу өлшемдерi: 1) ҚХБО телекоммуникация желісі жұмылдыру дайындығы бойынша iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуi және мемлекеттік органдар, қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртібін қорғау мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттіліктерге сәйкес алдын ала брондау және шұғыл ұсынуы мүмкiндiгi бар үлгілік арналардың (негiзгi цифрлық және үндiк жиiлiктердi тарату) желілiк тораптары мен станцияларында мiндеттi түрде техникалық бөлу мүмкіндігіне ие болуы тиiс. 2) ҚХБО телекоммуникация желісі (бұдан әрi - ҚХБОТЖ) тармақталған болуы және кемiнде алты облыс (географиялық нөмiрлеу аймағы) пен Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы тиiс. ҚХБОТЖ коммерциялық пайдалануға енгізу күнi ҚХБОТЖ-ға қатысты және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нормативтiк кесiмдерге толық сәйкес келуi тиiс; 3) көлiктiк желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактiлерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс. Көлiктiк ҚХБОТЖ желiлерi бойынша хабарламаларды тарату сенiмдiлiгіне пайдаланушылар талаптарына қарай трафиктi өткiзуге екi-үш тәуелсiз бағыт берiлуi тиiс; 4) ҚХБО мәртебесiн берген (лицензия берілген) сәтте байланыс операторының кепiліндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желісі көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс; 5) жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желілерін, оның ішінде көліктік желілерді және шет елдердің байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен көліктік желілердің тоғысу нүктелерін жобалау, салу байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады. ҚХБОТЖ құрамындағы көліктік телекоммуникация желілері өзінің байланыс жолдары базасында жер бетіндегі және жер серіктік тарату жолдары бойынша ұйымдастырылады; 6) ҚХБО желісінiң жер үстіндегі байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шет елдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесi болуы тиiс. Тоғысу нүктелерi географиялық таралған байланыс пункттерiнде орналасуы тиiс; 7) iшкi аймақтық байланыс жолдарында сымдық құралдар да (коаксиальдық, симметриялық, талшықты-оптикалық кабельдер мен әуе жолдары) және радиоқұралдар (тура көрiнетiн радиорелелiк жолдар, жерсерiктiк жолдар) пайдаланыла алады; 8) жаңадан салынып жатқан көлiктiк телекоммуникациялар желілерiнде синхронды цифрлық иерархия (бұдан әрi - SDН), асинхронды тасымалдау режимi (бұдан әрi - АТМ) мен басқа да цифрлық технологиялар негiзiнде цифрлық тарату жүйелерi пайдаланылуы тиiс, қолданыстағы магистральды және iшкi аймақтық желiлерде аналогтық тарату жүйелерiн қолдануға жол беріледi; 9) ҚХБО желісінде ҚР ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың басқа операторларының желілерiмен қосылысын қамтамасыз ететін байланыс жолдары (арналары) ұйымдастырылуы тиiс. 5. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен алып тасталды (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен алып тасталды (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуге лицензия алатын оператордың және бұдан әрi байланыс операторының техникалық қызметкерiне қойылатын біліктілiк талаптары: 1) техникалық қызметкердiң электр байланысы саласында тиiсті білімiнiң болуы; 2) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен әдiстер мен нормативтердi немесе қабылданған халықаралық стандарттарды пайдаланып техникалық пайдалануды жүзеге асыру; 3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың магистральдық байланыс жолдарын басқаруына және пайдалануына тыйым салу бөлігінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Әлеуетті ҚХБО ұйымдық құрылымы: 1) бақылау, өлшеу, қалпына келтiру, жөндеу, резервке қою және клиенттермен есеп айырысу жөніндегі техникалық пайдаланудың негiзгi функцияларын орындауды қамтамасыз етедi; 2) техникалық пайдалану жүйесiнің мiндеттерiн орындауды қамтамасыз eтeдi: желiнiң берiлген сапада және пайдалану сенiмдiлiгiнде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету (желiге қойылатын талаптармен белгiленедi); желi жағдайының кез келген өзгеруi кезiнде оны пайдаланушылардың мүддесiнде желi ресурстарын тиiмдi пайдалану; мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың қажеттілiктерiн қанағаттандыру үшiн желiнi дамыту; желiнi техникалық пайдалану әдiстерiн жетілдiру; 3) желiнi жедел-техникалық басқару жүйесiнiң негiзгi функцияларын орындауды қамтамасыз етедi: ақауларды өңдеу; желi сапасын басқару; конфигурацияны басқару; есеп айырысуды басқару; қауiпсiздiктi басқару; 4) желiлердi жедел-техникалық басқару жүйесiнiң негізгі мiндеттерiн орындауды қамтамасыз етедi: желінiң айрықша жағдайлар мен экстремалдық жағдайларда жұмыс iстеуi бойынша мiндеттердi шешу; желiнiң жағдайын жедел бақылау және талдау; желiнiң негізгi параметрлерiне мониторинг; желiнi жоспарлау және қалыптастыру; ресурстарды пайдалануды оңтайландыру; 5) мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі мiндеттердi шешу үшiн өз құрамында (штаттық құрылымында) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмшесi болуы тиiс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу бойынша білiктілiк талаптары мен өлшемдерiне қосымша
ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «, ҚаБОТЖ, ХаБОТЖ», «, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ», «, ҚаБОТЖ-дың және ХаБОТЖ-дың,» және «ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ-да», «ҚаБОТЖ-ды және ХаБОТЖ-ды» деген сөздер алынып тасталды (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісіне қойылатын негiзгі талаптар
1. Осы талаптарда мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады: 1) байланыс желiлерiнiң өзара iс-қимылы - ортақ мiндеттердi орындау мақсатында технологиялық ілеспе желiлердiң бiрлесiп жұмыс iстеуi; 2) iшкi аймақтық бастапқы желi (IаБЖ) - ОПТЖ бiр нөмiрлеу аймағының әртүрлi жергілiкті бастапқы желiлерiнiң үлгілік тарату арналарының өзара қосылуын қамтамасыз ететiн бастапқы желiнiң бiр бөлiгi; 3) туынды байланыс желісі - бастапқы желi, коммутация станциялары мен тораптары немесе ауыстырып қосу станциялары мен тораптары негізiнде құрылған және екi немесе одан көп белгiлi бiр нүктелер арасында байланыс ұйымдастыруға арналған туынды желiнiң жолдары мен арналарының жиынтығы. Туынды желiнiң абоненттiк шеткi құрылғылармен түйiскен жерi осы желiнiң шекарасы болып табылады; 4) тарату арнасы - жиiлiк жолағында немесе осы тарату желісіне тән тарату жылдамдығымен телекоммуникациялық сигналдардың желiлiк станциялар, желiлiк тораптар арасында немесе желiлiк станция мен желiлiк торап арасында, сондай-ақ желілiк станция немесе желілiк торап пен бастапқы желiнiң шеткi құрылғысы арасында берiлуiн қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен тарату ортасының кешенi; 5) үндi жиiлiктi тарату арнасы - 300-ден 3400 Гц-ге дейiнгi жиiлiк жолағы бар үлгілік аналогтық арна; 6) жалға алынған арна - байланыс желісі операторының келісім (шарт) негiзiнде желiнi пайдаланушыға жалға беретiн арнасы; 7) телекоммуникация (электр байланысы) арнасы - тiзбектi түрде қосылған арналар мен туынды желi жолдарында құрылған, оның соңына абоненттік шеткi құрылғылар қосылған кезде хабарламаның беру көзiнен алушыға берiлуiн қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық (электр байланысы) сигналдардың өту жолдары. Байланыс желісінiң түрiне қарай телекоммуникация арнасына: телефондық немесе телеграфтық арна, деректер беру арнасы және басқа атау берiледi. Аумақтық белгiсi бойынша телекоммуникация арналары халықаралық, қалааралық, аймақтық, жергілікті болып бөлiнедi; 8) цифрлық негiзгi арна - сигналдарды 64 кбит/с жылдамдығымен тарататын үлгілi цифрлық тарату арнасы; 9) арналардың коммутациясы - арналар мен байланыс жолдарының тiзбекте қосылысын қамтамасыз ететiн станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы; 10) пакеттердiң коммутациясы - хабарламалардың (пакеттердiң) бөлігін (бөлiк) қабылдаудан және ондағы адрестік белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы; 11) хабарламалардың коммутациясы - толық хабарламаны, оның жинақталуын қабылдаудан және ондағы адрестiк белгiге сәйкес олардың бағытталуынан және оларды беруден тұратын станциядағы немесе туынды желi торабындағы операциялар жиынтығы; 12) тарату желісі - ортақ жол құрылыстары, оларға қызмет көрсету құрылғысы және қызмет көрсету құрылғысының әрекет ету шегiнде таратылатын бiрдей тарату ортасы бар жол трактілерi, тарату жүйесi және (немесе) үлгiлi нақты шынжырлар жиынтығы. Тарату жолдарына мыналарға қарай атау берiледi: ол тиесілі бастапқы желiге қарай: магистральды, iшкi аймақтық, жергілікті; тарату ортасына қарай, мысалы, кабельдiк, радиорелелiк, жерсеріктік және басқалары. Тарату ортасы әр түрлi тарату жолдарының тiзбектi қосылысын көрсететiн тарату жолдарына құрастырылған атауы берiледi: 13) телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) сенiмдiлiгi - телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) берiлген пайдалану және техникалық қызмет көрсету шарт-жағдайында талап етiлетiн функцияларды орындау қабiлетiн сипаттайтын белгілi бiр параметрлердiң мәнiн уақытпен және белгiленген шекте сақтау қасиетi; 14) бастапқы желi - желілік тораптар, желілік станциялар, бастапқы желiнiң шеткi құрылғылары мен оларды қосатын тарату желiлерiнiң негiзiнде құрылған үлгiлi нақты тiзбектердiң, үлгiлi тарату арналары мен желілік трактiлердiң жиынтығы; 15) желілік станция (ЖС) - үлгілi нақты тiзбектердiң, үлгiлi тарату арналары мен желілік трактілердiң туынды желiлерiнiң құрылуы мен берiлуiн, сондай-ақ олардың транзитін қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi; 16) желілік торап (ЖТ) - бастапқы желiнiң желілік станцияларының қосылысын, үлгiлi желілік трактiлердiң, үлгiлi тарату арналары мен үлгiлi нақты тiзбектердiң құрылуы мен қайта таратылуын (бөлу, ауыстырып қосу), сондай-ақ оларды туынды желiлер мен жекелеген пайдаланушыларға берудi қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешені; 17) қол жетiмділiк желісі - терминалдардың көліктік желiге қол жетiмдiлігін, сондай-ақ көлiктiк желiге шықпай жергілiкті байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн абоненттiк жолдар мен жергiлiктi желi станцияларының жиынтығы; 18) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінiң қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (ҚХБОТЖ) - көліктік телекоммуникация желiлерiнiң (тарату жүйелерi, берілген пункттер арасында ақпараттарды тасымалдауға арналған бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу және басқару құралдарына жататын тарату жүйесi) ресурстарының және туынды желi коммутациялық жабдықтарының (қалааралық және халықаралық телефон станциялары) жиынтығы; 19) тарату жүйесi - бастапқы желiнiң желiлiк трактісін, үлгiлi топтық трактiсi мен тарату арналарын құруды қамтамасыз ететiн техникалық құралдар кешенi; 20) жалпы арналық сигнал беру жүйесi - коммутация арналарының будасына арналған жалпы арнайы сигнал беру арнасы бойынша станцияаралық сигнал берудің тарату жүйесi. № 7 ЖСЖ жалпы арнасы бойынша сигнал беру жүйесi деп қосылысты анықтау үшiн талап етілетін хабарламаларды тарату жүйесін және сөйлесу трактiлерiнiң бір будасына немесе бiрнеше будаларына арналған жалпы арнайы арна бойынша байланыс қызметтерін көрсетудi айтады; 21) бастапқы желiнi резервтеу жүйесi - бақылау құрылғысын алгоритмдiк және бағдарламалық қамтамасыз ету, бастапқы желiнi немесе бастапқы желiнiң учаскесiн қайта құру қажеттілігі туралы шешiмдер қабылдау, электр байланысының түрлi қызметтерiнiң (қызметтер көрсету) сенiмдiлiк көрсеткiштерiн арттыру мақсатында аталған алгоритмдер бойынша өзара әрекеттесетiн, резервтелетін және резервтiк трактілер мен арналарды ауыстырып қосу құрылғыларының жиынтығы; 22) техникалық қызмет көрсету - объектiнi берiлген сапада талап етiлетiн функцияларды орындай алатын күйде ұстап тұруға немесе осындай күйдi қалпына келтiруге бағытталған техникалық және тиiстi әкiмшiлiк операциялардың (бақылау бойынша операцияларды қоса алғанда) жиынтығы; 23) халықаралық, қалааралық және iшкіаймақтық желілердi техникалық пайдалану - станциялардың, халықаралық және қалааралық арналардың жабдықтарын, тапсырысты-жалғау және қалааралық қосылыс жолдарын абоненттерге олардың кез келген ақпарат түрлерiн тарату барысында осы желiлерге берiлген сапасында қызмет көрсетуiн қамтамасыз ете алатын күйде ұстап тұру жөніндегі ұйымдастыру және техникалық iс-шаралар кешенi; 24) көлiктiк телекоммуникация желісі - берiлген пункттер арасында ақпараттар таратуға арналған тарату жүйесi ресурстарының, оларға жататын бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу және басқару құралдарының жиынтығы. Көлiктiк желi магистральды және аймақтық (өңiрлiк) байланыс желілерiнен тұрады; 25) топтық үлгілi трактi - үндi жиiлiк арналарының немесе негізгi цифрлық арналардың нормаланған санының телекоммуникация (электр байланысы) сигналдарын жиілiк жолағында немесе осы топтық трактiге сәйкес тарату жылдамдығымен таратуға арналған техникалық құралдар кешенi; 26) желілiк тракті - топтық үлгiлi трактi немесе кіру және шығуда трактi құру аппаратурасы қосылған тiзбектi қосылған бiрнеше үлгiлi топтық трактілер; 27) телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) тұрақтылығы - телекоммуникация жүйесiнiң (желісінiң) талап етілетiн функцияларды қалыпты пайдалану жағдайында да, сондай-ақ тұрақсыз факторлар әсерiнен жасалатын жағдайларда да орындау қабілетi. Сенiмдiлігімен және тұрақтылығымен сипатталады. АҚТС - автоматты қалааралық телефон станциясы; ТҚЖ - тапсырысты-қосылыс желiлерi; XКO - халықаралық коммутация орталығы; ҚЖЖ - қалааралық жалғау желілерi. 2. ҚХБОТЖ құрамына көлiктiк желi және мыналардан тұратын телекоммуникация жүйелерi кіруi тиiс: бастапқы магистральды және iшкiаймақтық байланыс желiлерi (коаксиальдық, симметриялық немесе оптикалық байланыс кабельдерiнде құрылған жер үстi, радиорелелiк (тура көрiнетiн және тропосфералық) және (немесе) жерсерiктік байланыс желiлерi); ТҚЖ және ҚЖЖ ұйымдастырылатын бастапқы жергiлiктi байланыс желілері; тактілік желілік синхрондау жүйесi (ТЖС); басқару жүйесi (бақылау, жедел ауыстырып қосу, резервтеу құралдары); коммутация жүйелерi (AXTC және/немесе ХКО); трафиктi (биллинг) есептеу жүйесi; жедел-iздестіру iс-шаралары жүйесi (ЖIШЖ). 3. Бастапқы желi тарату арналары мен желiлiк трактiлердi ұйымдастыру үшiн пайдаланылуы тиiс: бір оператордың XКO арасында - жер үстi тарату жолдары бойынша; түрлi операторлардың ХКО арасында - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша; AXTC-AXTC тiке жолдарында - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша; бiр оператордың АХТС және ХКО арасында - жер үсті және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша; басқа оператордың желісінде АХТС-пен және XКО-мен (айналма жолдар) - жер үстi және (немесе) жерсерiктiк тарату жолдары бойынша. 4. ҚХБОТЖ құрылымы оған қойылатын сенiмдiлiк және тұрақтылық талаптарына жауап беруi тиiс. Көлiктiк телекоммуникация желілерiнiң құрылымы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 42-б бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай телекоммуникация желілерiнiң басқару құжатында (бұдан әрi - «ҚР БТЖ БҚ») белгiленген (Кr,То, Tв) сенiмділiк көрсеткiштерiмен I, II, III сыныпты хабарламаларды таратуды қамтамасыз етуi тиiс. 5. ҚХБОТЖ-дың жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн жүйелерi болуы тиiс - байланыс саласындағы уәкілеттi орган бекiтетiн нормативтік-техникалық кесiмдерде белгiленген функцияларды орындайтын басқару жүйесi мен техникалық пайдалану жүйесi. 6. ҚХБОТЖ құрамындағы көлiктiк телекоммуникация желiлерiнде SDH, АТМ және басқа цифрлық технологиялар цифрлық тарату жүйелерi артықшылықпен қолданылуы тиiс. Қазiргi бар магистральды және iшкiаймақтық бастапқы желiлерде аналогтық тарату жүйелерiн пайдалануға жол берiледi. Iшкiаймақтық желi магистральды желiнiң бiр бөлiгi болуы мүмкiн. 7. Оператордың көлiктік телекоммуникация желiлерi желілiк тораптардың географиялық орналасуын сақтай отырып, қазiргi бар желілiк тораптарға негiзделе алады. Желілiк тораптар санын ұлғайту жаңа көлiктiк желiлердiң құрылысын салған кезде мүмкiн болады. 8. ҚХБОТЖ құрамына кiретiн желiлердiң, осы желiлер жұмыс iстеу барысында өзара әрекеттесетiн өздерiнiң басқару жүйелерi болуы тиiс. Басқару жүйесi ықпалдасқан басқару жүйесiнiң бiр бөлiгi болуы тиiс. Оператордың телекоммуникация желісін басқару жүйесiнде мыналар болуы тиiс: 1) желi ресурстарын басқару жүйесi; 2) әкiмшiлiк басқару жүйесi. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 191 Қаулысымен 9-тарма өзгертілді (жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9. ҚХБО барлық XКO басқа ҚХБО кемiнде екi ХКО-сымен байланысуы, ал барлық AXTC кем дегенде екi XКО-мен байланысуы тиiс. Жерсерiктiк арналарды пайдалану арқылы қалааралық байланысты ұйымдастыру AXTC арасындағы тiкелей будаларда, сондай-ақ ҚР ОПТЖ басқа операторларының ҚХБОТЖ және ХаБОТЖ XКO-на айналма жолдарында мүмкiн болады. Қосылыста жерсерiктiк арналардың бiреуден аспайтын учаскесiнен артық пайдалану болмауы тиiс. 10. 9-тармақ бойынша шарттың орындалуын өзiнiң коммутация станцияларын (ХКО, AXTC) пайдалануға енгізу сәтiнде басқа операторлардың коммутация станциялары бар (ХКО, AXTC) аталған қосылыстары болмаған оператор қамтамасыз етедi. 11. ҚХБОТЖ дамыту бiрыңғай техникалық саясат жүргiзуден, барынша бiрiздендiрiлген техникалық құралдардың бiрыңғай кешенiн үлгiлi арналар мен желiлiк трактілердiң бiрыңғай номенклатураларын қолданудан тұратын ұйымдық-техникалық бiрлiк бастапқы және туынды желiлер үшiн бiрыңғай басқару жүйелерiн құру қағидатына негiзделуi тиiс. Цифрлық жалғау станциялары мен тарату жүйелерiнiң цифрлық жабдықтарын ҚХБОТЖ енгізу бiр мезгілде техникалық пайдалану орталықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдауды және желiнi басқаруды құрумен қолдау табуы тиiс. 12. ҚР ОПТЖ ҚХБОТЖ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификатталған жабдықтар мен материалдар қолданылуы тиiс. 13. ҚХБОТЖ цифрлық тарату жүйелерi және коммутация бiрiгiп жұмыс iстейдi, өзiнiң сенiмдi және сапалы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi үшiн оның тактілік желілік синхрондау (ТСЖ) жүйесi болуы тиiс. ТСЖ құру XЭО ұсынымдары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізiлуi тиiс. ТСЖ жүйесiнiң ҚР ОПТЖ басқа цифрлық желiлерiнiң ТЖС жүйелерiмен қосылу нүктелерiнiң барынша аз қажеттi санымен, өзара әрекеттесуші желiлердi қосымша күрделендiрусiз тоғысу, осы нүктелердiң кез келгенiне халықаралық стандарттарда белгiленген сапада синхрондау сигналдарын қабылдау және беру мүмкiндігі болуы керек. ТЖС жүйесi ҚХБОТЖ операторына тұтастай алғанда бiрыңғай басқаруы мен аппаратураны бақылауын қамтамасыз ететiн ТЖС жүйесiн басқару жүйесiне ие болуы тиiс. |