Осы редакция 2013 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 29-бабының 4-тармағы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсының «Ақпараттық материалдар» бөлімінде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтың үй-жайларындағы стенділерде орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты немесе Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) жылжымайтын мүлікке және басқа объектілерге құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтер уәкілетті органға өтініш келіп түскен сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру бесінші жұмыс күні көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызмет уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылады және дайын құжаттарды беру келесі жұмыс күні жүргізіледі (егер Орталықта өтініш сағат 18-ден кейін немесе сенбі күні қабылданса, уәкілетті орган үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күні басталады); 3) мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу уәкілетті органға органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі (орындалған құжаттар мемлекеттік қызмет алушыға уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі); 4) егер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялаған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды кепіл қамтамасыз етсе, жылжымайтын мүлік кепілінің туындауын немесе өзгеруін тіркеу, сондай-ақ ипотека куәлігін беру жөніндегі қызметтер уәкілетті органға өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру үшінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 5) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды; 6) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 7) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген.Тіркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісі тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. 9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алушы орталықта электрондық кезекті «брондау» үшін www.е.gov.kz электронды мекен жайы бойынша порталға жүгінуге құқылы. Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған мемлекеттік қызметті алушының тұрған жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді және мынадай құжаттарды: 1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті; 2) мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) және мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін; 3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттарды; 4) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжаттардан басқа тіркеу объектісіне байланысты өзге де құжаттар ұсынылады. Заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын ұсынады. Мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады. Егер тіркеуге берген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтерінің жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететін мәліметтер болса, онда мемлекеттік қызмет алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) тармақшасындакөрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында болады. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің атын көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны; 6) өтініш берушінің тегі, есімі, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, есімі, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. Орталықта «терезе» арқылы дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде тікелей беру немесе оның уәкілетті өкіліне тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған кезде беру арқылы жүзеге асырылады. Егер мемлекеттік қызметті алушы қызметтің нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайларда, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді де, содан кейін оны уәкілетті органға қайтарады. Дайын құжаттар уәкілетті органнан орталыққа курьерлік қызмет арқылы жеткізіледі. 16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады: 1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша; 2) заңның бұзылуын жойғанға дейінгі прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес; 2-1) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңына сәйкес; 3) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмаса, алушыға мемлекеттік қызметті осы стандарттың 11-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін; 4) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, осындай органдардан шығатын құжаттарда ақпараттың болмауына немесе осы құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты мемлекеттік органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін; 5) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінен кешіктірмей қабылдайды. Тіркеуді тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган кейіннен мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін орталыққа тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжатты қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді. Уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден мына: 1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген; 2) құжаттарда тазартып жазу, қосып жазу, сызылған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулер болған; 3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тіркеуге ұсынылған; 4) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған; 5) заңды күшіне енген сот актісінің негізінде; 6) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаған; 7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға бұрын туындаған құқық сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады. Тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші орган (уәкілетті орган) кейіннен мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін Орталыққа бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама және тіркеу үшін алым сомасын төлегендігін растайтын құжаттың түпнұсқасын жібереді. Тіркеу үшін алым төленгені туралы құжатты мемлекеттік қызметті алушы тіркеуге қайтадан құжат тапсырған кезде ұсына алады.
17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына: 1) әдептілік; 2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау; 3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау; 4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету; 5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға көмек беру үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшысына жүгінеді. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда демалыс және мереке күндері мен сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзілісті қоспағанда, жұмыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін уәкілетті орган басшысының атына шағым беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндері мен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзілісті қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Мемлекеттік қызметті алушылар қажетті жағдайларда шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және орталық қызметкерлерінің тиісті қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz интернет-ресурсы.
құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
|