Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 Қаулысы
(2012.17.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкметінің 2006.14.03. № 154 (бұр. ред. қара); 2006.25.05. № 455 (бұр. ред. қара); 2008.15.10. № 954 (бұр. ред. қара); 2009.25.03. № 394 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; 2009.30.12. № 2281 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.30.04. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.20.10. № 1089 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.13.09. № 1044 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.05. № 635 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 6 ақпандағы
№ 72 қаулысына
қосымша
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су
тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі
конкурстық комиссиялар құрамы
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша:
| Оспанов Берік Серікұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
| Қарлыханов Әділхан Қарлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бессейндік инспекциясының бастығы |
| Жарасов Ғалымжан Мұраталыұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Шардара балық инспекциясы бөлімінің бастығы |
| Ермаханов Заулхан Кенжеғалиұлы | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Арал филиалының директоры (келісім бойынша) |
| Жұмажанов Бауыржан Жұмажанұлы | | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға, |
| Қожағұл Әлимұса Айжарықұлы | | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастығы; |
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:
| Досымбеков Тынышбай Досымбекұлы | - Алматы облысы әкімінің орынбасары |
| Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы | - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
| Әбілда Талғат Амангелдіұлы | - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары; |
| Кошелев Владимир Леонидович | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; |
| Жұмажанов Бауыржан Жұмажанұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға, |
| Асылбекова Сәуле Жәңгірқызы | «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша) |
| Мұқатаев Серікқали Мұхаметкәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының бастығы; |
| Нұрманбетов Ермек Нүсіпжанұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетi Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бастығының орынбасары; |
Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары, Ертіс өзені және Қ.Сәтпаев атындағы канал бойынша:
| Шотқараев Әзіс Василийұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға |
| Пинчук Григорий Васильевич | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
| Кошелев Владимир Леонидович | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, |
| Әшімбетов Нұржан Кемерұлы | - Павлодар облысы әкімінің орынбасары; |
| Иманжанов Мирзан Тілеуқанұлы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары |
| Жұмажанов Бауыржан Жұмажанұлы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға, |
| Тоқтасынов Кенжеғазы Абзалбекұлы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияның Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, |
| Тілеубаев Дәурен Әділханұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының бастығы; |
| Савинков Роман Владимирович | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алтай филиалының директоры (келісім бойынша); |
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша:
| Жұмажанов Бауыржан Жұмажанұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға, |
| Бұқарбаев Әлібек Рысжанұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары; |
| Қуанов Бисен Отарұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бастығы |
| Айтпаев Нұржан Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының бастығы |
| Мұхсанов Әбілхайыр Мұтиұлы | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау филиалының директоры (келісім бойынша) |
| Паритов Бекет Захарұлы | | Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; |
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша:
| Жаханов Бақыт Дүйсенұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары; |
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:
| Ромашов Юрий Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы, төраға; |
| | |
Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары, Ертіс өзені және Қ. Сәтпаев атындағы канал бойынша:
| Қанатбаев Мәулен Серікұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Зайсан-Ертіс, облысаралық балық шаруашылығы, бассейндік инспекциясының бастығы; |
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша:
| Дәукенов Болат Асылұлы | - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары |