|
|
|
«ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуді; 2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәcіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., № 22, 221-құжат): 4-тармақта: 1) тармақшадағы «экономикалық» деген сөз алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) карантиндік зиянкестерге, өсімдіктердің ауруларына және арам шөптерге қарсы іс-шаралар жұргізу;"; мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) аумақтардың фитосанитарлық жағдайы туралы ақпараттарды жинау мен дайындау; 2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату». 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |