|
|
|
«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін. 2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін. 3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін. 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Мыналардың күшін жойылды деп танылсын: 1) «Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысы 9-тармағының 2) тармақшасы; 2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 345 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы. 6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1039 қаулысына қосымша
«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының тізбесі
1. «Қолдау» еншілес кәсіпорны Алматы қаласы 2. «Военвтормет» еншілес кәсіпорны Алматы қаласы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |