|
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта үйымдастыру туралы (2023.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік жөне коммуникациялар министрлігінің «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қоғамның жарғысын бекітсін; 2) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне берсін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-30 - жолмен толықтырылсын: «21-30 «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-14-жолмен толықтырылсын: «160-14 «Астана халықаралық әуежайы» ЖАҚ». 4. ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат): 1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы «Эйр Қазақстан» деген сөздерден кейін «Астана халықаралық әуежайы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-тармақтағы «Астана халықаралық әуежайы» деген сөздер алынып тасталсын. 7. «Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысына: 3-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамына» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамына» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың үшінші абзацында «Астана халықаралық әуежайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен» деген сөздер «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |