Осы редакция 2013 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мемлекеттік қызмет стандарты (2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлімінде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және стандарттың 2-ші қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының тіркеу туралы кепіл шартын немесе тіркеу туралы белгісі бар өзге құжатты және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті (қағаз жеткізгіште), сондай-ақ кепіл берушіге немесе кепіл ұстаушыға мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша берілетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын (қағаз тасығышта) немесе Заңда көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны ұсыну болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) Мемлекеттік қызмет екі жұмыс күн ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру жазбаша өтініш түскеннен кейін (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) екінші жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды; 3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 4) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісі тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. 9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталықтар бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған мемлекеттік қызметті алушының тұрған жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алушы міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін (алушының уәкілетті өкілі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді және мынадай құжаттарды: 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті; 2) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатының, ал тұлғаның өкілі оның өкілеттігін растайтын құжатты; 3) тіркеу алымы сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты; 4) кепіл шарты немесе кепіл талаптары бар шартты; 5) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініште заңды тұлғаның - кепіл берушінің мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері болуы тиіс; 6) жеке тұлға болып табылатын, кепіл берушінің салық төлеуші куәлігінің (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) көшірмесін; 7) заңды тұлға болып табылатын кепіл беруші үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынады. Осы тармақтың 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкілі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі және мына құжаттарды: 1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті; 2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, ал тұлғаның өкілі - өз өкілеттіктерін растайтын құжатын, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттарын; 3) төлегені туралы банктің белгісі бар жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алғаны үшін алым енгізгені туралы құжатты ұсынуы тиіс. Мемлекеттік электрондық ақпараттың ресурсы болып табылатын мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) тармағында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты; 6) өтініш берушінің тегі, есімі, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, есімі, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. Дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді орталық инспекторы күн сайын «терезе» арқылы онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайларда орталық оның 1 ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді де, содан соң оны уәкілетті органға қайтарады. Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьердің қызметі арқылы жүзеге асырылады. 16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың бірін мемлекеттік қызметті алушы ұсынбаған жағдайда орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді. Уәкілетті орган құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады. Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімі ішінде уәкілетті орган орталыққа бас тартудың негізді себептерін көрсетіп хабарлама және кейіннен мемлекеттік қызмет алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкіліне) ұсыну үшін тіркеуге алым төлегендігін растайтын құжаттың түпнұсқасын жолдайды. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге және телнұсқаны беру үшін алым төлегені туралы құжатты мемлекеттік қызметті алушы жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті қайтадан құжаттарды тапсырғанда ұсына алады.
17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына: 1) әдептілік; 2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау; 3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау; 4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету; 5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшысына жүгінеді. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда демалыс және мереке күндері мен сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзілісті қоспағанда, жұмыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін уәкілетті орган басшысының атына шағым беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндері мен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзілісті қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықтың мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ке беріледі. 22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Мемлекеттік қызметті алушылар қажетті жағдайларда шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz интернет-ресурсы.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
|