Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен беітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде: 3-тармақта: екінші, үшінші, төртінші абзацтар алынып тасталсын; 15-1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 16-1-тармақ алынып тасталсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "17. Жинақтаушы зейнетақы қоры агенттердің немесе салымшылардың (алушылардың) өтініштері негізінде он банктік күн ішінде өтініште көрсетілген барлық деректемелер бойынша зейнетақы жарналарының түсімін тексереді."; көрсетілген Ережеге 1-1-қосымша алынып тасталсын. 2. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде: 6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) почта байланысы құралдары немесе сенімді адам арқылы жіберген кезде: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған көшірмесін; алушы өзі өтініш берген кезде: паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің түпнұсқасын көру үшін; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көші-қон карточкаларын беру жүргізілмейтін адамдарды қоспағанда, көші-қон карточкасының көшірмесі және көші-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін;". 3. «2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 660 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 27, 339-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесінде: 10-тармақтағы "бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін" деген сөздер алынып тасталсын. 4. «Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2006 ж., № 7, 52-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «салымшылардың», «салымшылармен», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылардың)», «(алушылармен)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесінде: тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылардың», «салымшылармен», «салымшылар», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылардың)», «(алушылармен)», «(алушылар)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесінде: тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «салымшылармен», «салымшының», «салымшыға», «жасалған» деген сөздерден кейін тиісінше «(алушылармен)», «(алушының)», «(алушыға)», «және қолданылуы тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ «мұндай» деген сөзден кейін «txt кеңейтудегі» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «тәсілмен,» деген сөзден кейін «ақпарат көлігінің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге қосымшада: Ескерту мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "11 - жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының бірлестігi 12 - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 4-тармағына сәйкес қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты (корпоративтік ЖЗҚ үшін)».
|