Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы (2009.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.01.02. № 85 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі; ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.01.02. № 85 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.29.06. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді 2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын. 2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін. 3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|