Қазақстан Республикасы Президентінің (2019.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) құрылсын. ҚР Президентінің 2019.05.08. № 87 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Кеңес туралы ереже бекітілсін. ҚР Президентінің 2019.05.08. № 87 Жарлығымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестің дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін. 3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 791
ҚР Президентінің 2019.05.08. № 87 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|