Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы (2012.30.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысымен бекітілген
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар
1. Осы кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет. 2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде және бербоут-чартерлік тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады. ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1002 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Экипаждың ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді, олардың саны осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативіне сәйкес белгіленеді: 1) капитан; 2) капитанның аға көмекшісі; 3) капитанның вахталық көмекшісі; 4) аға механик; 5) екінші механик; 6) вахта механигі; 7) электромеханик; 8) қатардағы құрам; 9) кеме аспазы. 4. Кеме экипажы құрамының осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жыл мерзімге Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|