Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы (2014.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1598 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1598 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды 2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiн (бұдан әрі - бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мұнай шикiзатына орташа нарық бағасы туралы деректер берсiн. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1598 Қаулысымен 2-3-тармақпен толықтырылды 2-3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын; 2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|