Ветеринария туралы (2014.17.01 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 236-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша: «ветеринариялық қадағалау», «ветеринариялық қадағалауды», «ветеринариялық қадағалаудың», «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды «ветеринариялық инспекторлар», «ветеринариялық инспекторлары», «ветеринариялық инспекторларының», «ветеринариялық инспекторларымен», «ветеринариялық инспекторларын», «ветеринария инспекторларын», «ветеринариялық инспекторларды», «Ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспектор», «ветеринариялық инспектордың», «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторда», «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторын», «ветеринариялық инспекторларға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық инспекторлар», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлары», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспектор», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторда», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларға» деген сөздермен ауыстырылды «базарларда», «базарлардағы», «Базарларда», «Базарлардағы», «базардағы», «нарықтардағы», «нарыққа» деген сөздер тиісінше «ішкі сауда объектілерінде», «ішкі сауда объектілеріндегі», «Ішкі сауда объектілерінде», «Ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектісіне», деген сөздермен ауыстырылды «өнімдерге» деген сөз «өнімдер мен шикізатқа» сөздермен ауыстырылды «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер», «басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк» деген сөздер тиісінше «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті» деген сөздермен ауыстырылды «ветеринариялық бақылау», «ветеринариялық бақылауды», «ветеринариялық бақылауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ; 2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi; 3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды 3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi - лазерлiк станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым; 4) бақылау аймағы - буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары); 5) буферлік аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ; 6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы; 7) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі; 8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) ветеринариялық құжаттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы жануарға, жануарлардан алынатын өнімдерге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдердің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама; 10) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) ветеринариялық препараттар мыналар: жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар; фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар; жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар; жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар. Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi; 14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу; 16-1) ветеринариялық пункт - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі; 17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау; 19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19-1) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді 21) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код; 23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен; 24) жануарды ветеринариялық тексеріп қарау - жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігердің, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексеріп қарауы; 25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер; 26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою; 27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері; 28) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау - қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер жүзеге асыратын жануарлардың ұшасы мен ағзаларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың көзге көрінетін өзгерістерін, оларда аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізу; 29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім; 30) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары; 31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары; 32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтім жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерін бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалымен сипатталатын жануарлар аурулары; 34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім; 35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар; 36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим; 37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ; 38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды 38-1) жануарларды карантиндеу - диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау; 39) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары; |