Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті деп қайта аталсын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6-тармақта: 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар алынып тасталсын; 10) тармақшада: «Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту» деген сөздер «Инвестиция және өнеркәсіп» деген сөздермен ауыстырылсын; «Сауда қызметін реттеу» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде: реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 13-жол «, Астана қаласы» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: тақырыбындағы «Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту» деген сөздер «Инвестиция және өнеркәсіп» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының төртінші, алтыншы, сегізінші, он төртінші абзацтарын; 2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 13-тармағының 24), 25), 26), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 62) тармақшаларын және 14-тармағының 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 98), 100) тармақшаларын; 3) 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 14-тармағының 51) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1180 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустриялық, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі, елді ғылыми-техникалық, инновациялық дамыту арнайы экономикалық аймақтарды реттеу саласында, сондай-ақ сауда қызметін, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, инвестицияларды мемлекеттік қолдау және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін сала) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Сауда комитеті, Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Инвестиция және өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Бәсекелестікті қорғау комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 000001, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, «Транспорт Тауэр» ғимараты. 8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру: мемлекеттің индустриялық дамуы, оның ішінде елдің индустриялық дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша; арнайы экономикалық аймақтарды құруды, олардың жұмыс істеуін және таратылуын мемлекеттік реттеу, экспорттық бақылау, елдің ғылыми-технологиялық дамуы, оның ішінде ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау; құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту, оның ішінде құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту мен реформалау үшін жағдайлар жасау; техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін дамыту, сауда қызметін дамыту, оның ішінде теңгерімді кеден-тариф саясатын жүргізу және тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау жолымен отандық өндірісті дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау және ұлттық сауда режимін ырықтандыру деңгейін ұлғайту; Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамыту, оның ішінде сауда қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау және бәсекелестікті, оның ішінде қаржы ұйымдарының бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен бәсекелестікті қорғау; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы; 2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды қалыптастыру; 3) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру; 4) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс жасап тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау; 5) реттелетін салада салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. 13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) индустриялық дамыту, оның ішінде тау-кен-металлургиялық, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібі, ірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, сондай-ақ сауданы дамыту саласы, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық сала, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігі, ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны реттеуді жүзеге асырады; 2) реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды; 4) реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі; 5) реттелетін салада мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, оның ішінде реттелетін салада мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді; 6) сауда қызметін дамыту бойынша, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 7) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді; 8) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 9) биржалар қызметін және биржалық сауданы дамытуды талдауды жүзеге асырады; 10) Биржалық сауданың үлгі ережесін бекітеді; 11) биржалық құжаттарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; 12) демпингтік тауарды жеткізушілердің сауда тәжірибесін демпингке қарсы реттеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады; 13) елеулі залал келтіру фактілері бойынша жеткізушілердің сауда тәжірибесін мемлекеттік реттеуді және оның мониторингін жүзеге асырады; 14) өз құзыреті шегінде талқылау рәсімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 15) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуге және оған қатысуға бастамашылық жасайды; 16) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды; 17) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан түседі; 18) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеудің шараларын қолдану жөнінде ұсыныс әзірлейді; 19) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіреді; 20) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, өнім номенклатурасын (тізімін) әзірлейді; 21) Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға хабарлайды; 22) өнеркәсіптІ, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібін, сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды реттеуді жүзеге асырады; 23) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыруды үйлестіреді; 24) техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді немесе келіседі; 25) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында қатерлерді бағалау бағдарламаларын әзірлейді; 26) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды анықтау мақсатында тұтыну нарығының мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады; 27) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы оператор компанияны айқындау ережесін әзірлейді және арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамаға сәйкес оператор компанияны айқындайды; 28) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларды жіберу ережесін әзірлейді және бекітеді; 29) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін мынадай құжаттарды: арнайы экономикалық аймақтарды құруға арналған өтінімдердің нысандарын; уәкілетті орган мен оператор компания арасындағы, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін оператор компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арасындағы үлгі шарттарды бекітеді; 30) арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереже жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілейді; 31) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтарды мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізеді; 33) инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; 34) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердің персоналына және офистеріне, өндірістік үй-жайларына қойылатын талаптарды айқындайды; 35) бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттарды ұсынудың және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептерді ұсынудың ережелерін, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін аккредиттеу ережесін, бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттарды алуға арналған өтінімдерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама жүргізу ережесін әзірлейді; 36) салалық бағыттылыққа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 37) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласындағы ұсыныстарды дайындау үшін сараптама кеңестерін құрады; 38) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы, оның ішінде химиялық өнімінің қауіпсіздігі проблемалары бойынша зерттеулерді көздейтін салалық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады; 39) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің нормаларын бекітеді; 40) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі; 41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау мақсатында тұтыну нарықтарының мониторингін жүргізеді және оны сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді; 42) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы жер қойнауын пайдаланушылар есебінің нысанын бекітеді; 43) құзыретті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге немесе келісім-шартпен байланысты жанама қызметке қатысты қазақстандық қатысуды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 44) құзыретті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан басымды жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін бекітеді; 45) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрі жер қойнауын пайдалану саласындағы оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 46) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін айқындайды; 47) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптар белгілейді; 48) құрылыс объектілеріне техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережесін әзірлейді және бекітеді; 49) астананың әкімдігімен келісім бойынша: сәулет, қала салу және құрылыс қызметін ерекше реттеу ережесін, сондай-ақ, астананың аумағында және қала маңындағы аймақтарда қала салу регламентациясын; қолда бар ғимараттар мен құрылыстарды қайта жөндеу, оның ішінде, мансардтық және тұрғын жайлардың үлгілік қабаттарының салыну процесін реттеу ережесін бекітеді; 50) егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, құзыретіне бұл мәселелер енгізілген басқа да орталық атқарушы органдармен келісім бойынша сәулет, қала салу және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, жою) тәртібін белгілейді; 51) құрылыс салудың аумақтық ережесін әзірлеу тәртібін айқындайды; 52) құрылыс сапасына жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша жасалған және жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ, тапсырыс берушіге (меншік иесіне) берілетін анықталған ақауларды сипаттай отырып, объектілердің анықтамасы мен ведомостерінің нысанын белгілейді; 53) бағалы сәулет-қала салу мұрасын сақтауды, сәулетте және қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елді мекендерді игеру мен дамытудың басым бағыттары жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді; 54) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 55) сәулет, қала салу және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлейді; 56) шағын елді мекендерді дамыту мен салудың схемаларын әзірлеу және келісу тәртібін бекітеді; 57) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді; 58) жобалар мен техникалық регламенттерді талдауды және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізуді ұйымдастырады; 59) техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 60) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді жүзеге асырады; 61) реттелетін саладағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі; 62) халықаралық талаптарға сәйкес орнатылатын химиялық өнімді ескерту таңбалау кезінде көрсетілуі тиіс қауіптіліктің стандартты нышандарының тізбесін бекітеді; 63) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді; 64) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады; 65) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; 66) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі; 67) өлшемдер бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді; 68) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салыстыру ережесін белгілейді, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді; 69) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға рұқсат етілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды; 70) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін айқындайды және бекітеді; 71) өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін айқындайды; 72) өлшем құралдарының типтерін бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстыра тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгілейді; 73) салыстыра тексеру таңбалауын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгілейді; 74) өлшем құралдарына техникалық құралдардың тиістілігін белгілеу тәртібін айқындайды; 75) Шамалар мен салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңнама метрологиясы ұйымы ұсынған Бірліктердің халықаралық жүйесінің шама бірліктерін Қазақстан Республикасының аумағына жіберу тәртібін белгілейді; 76) өлшем құралдарын салыстыра тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды; 77) өлшемдерді орындаудың әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестациялау, сондай-ақ заңды тұлғалардың өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу тәртібін айқындайды; 78) өлшем құралдарын салыстыра тексеру және калибрлеу, қызметтің бұл түрін аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асыратын өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау тәртібін белгілейді; 79) өлшем құралдарын салыстыра тексерудің тізбесі мен мерзімділігін, сондай-ақ оны жүргізудің тәртібін айқындайды; 80) тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыру және оларды өлшем құралдарын салыстыра тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығына беру тәртібін белгілейді; 81) салыстыра тексерушілерді аттестаттау тәртібін айқындайды; 82) аккредиттеуге жататын өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызметтердің тізбесін айқындайды; 83) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды; 84) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді; 85) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады; 86) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы хабарламаларды толтыру және ұсыну нысанын, тәртібін айқындайды; 87) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс, тарату тәртібін белгілейді; 88) сәйкестікті, оның ішінде, шетелдік сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді; 89) сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аккредиттеу тәртібін белгілейді; 90) сәйкестікті растау схемасына сәйкес оның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған, берілген сәйкестік сертификаттарының күші немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу күні тоқтата тұрылған немесе жойылған жағдайда сәйкестікті міндетті растаудан өткен өнімге инспекциялық тексеру жүргізу тәртібін белгілейді; 91) зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілейді; 92) сынақтарды жүргізу жөніндегі зертханалардың құқық қабілетінің туындау және тоқтату тәртібін белгілейді; 93) зертханалар жұмысының нәтижелерін ресімдеудің және берудің тәртібі мен нысанын белгілейді; 94) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен көрсеткіштерін басу және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді; 95) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар қызметінің тәртібін белгілейді; 96) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторлар зертханаларын аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу тәртібін белгілейді; 97) тауардың шыққан елін айқындау, сәйкестікті және аккредиттеуді растау, сарапшы аудитордың аттестатын беру, тоқтата тұру немесе жою жөніндегі сарапшы аудиторларды дайындаудың және аттестаттаудың біліктілік талаптарын, тәртібін белгілейді; 98) мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және жою тәртібін белгілейді; 99) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі тәртіпті белгілейді және сертификат береді; 100) мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамаларын әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді; 101) Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетелдік мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамаларын және ұсынымдарын есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді; 102) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзірлеу тәртібін белгілейді; 103) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді; 104) сәйкестікті және зертханаларды растау жөніндегі органдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді; 105) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілейді және оны дайындауды ұйымдастырады; 106) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережесін әзірлейді; 107) ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін белгілейді; 108) стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту тәртібін белгілейді; |