Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қорғау аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, қорғау аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес, «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында табиғи-ғылыми негіздемелерін кеңейтуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті төрағасының 2007 жылғы 17 тамыздағы № 252, «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту туралы» 2008 жылғы 6 тамыздағы № 213 бұйрықтарының негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы күзет аймағының бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы айналасында жалпы ауданы 34674 гектар көлемінде қорғау аймағы, оның ішінде, Қорғалжын ауданында 15344 гектар, Егіндікөл ауданында 19330 гектар шекаралары белгіленсін. 2. «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аумағында режим белгіленсін. 3. Қоса берілген Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Әкімовке жүктелсін. 5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/422 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|