|
|
|
Қазақстан Республикасының (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) кіріспе өзгертілді Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттік органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
ҚР 12.03.04 ж. № 536-II Заңымен 1-бап толықтырлды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп: 1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу; 2) мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi; 3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөніндегі өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; 4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады. 2. мемлекеттік органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы: 1) жалпыға бірдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару; 2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру; 3) мемлекет белгiлеген жалпыға бірдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттік мекемелер ұғынылады. 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1. Мемлекеттік органның құзыретi деп мемлекеттік орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады; мемлекеттік органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттік органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады; мемлекеттік органның құқықтары деп белгiлi бір iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бір мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады; мемлекеттік органның мiндеттемелерi деп мемлекеттік орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады; мемлекеттік органның мiндеттерi деп мемлекеттік орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады; мемлекеттік органның функциялары деп мемлекеттік органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-2-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-2-тармақ жаңа редакцияда; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-2. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-3- тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-3-тармақ жаңа редакцияда 2-3. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-4- тармақпен толықтырылды 2-4. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-бап 2-5-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-5-тармақ жаңа редакцияда 2-5. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 2-6-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-6. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2-7. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен 2-8-тармақпен толықтырылды 2-8. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен 2-9-тармақпен толықтырылды 2-9. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен 2-10-тармақпен толықтырылды 2-10. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-11-тармақпен толықтырылды 2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат. 3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттік функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады. Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды: 1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртібімен мемлекеттің нақты лауазымды адамының атынан; 2) нақты мемлекеттік органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртібіне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртібімен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Хабарлама жасау тәртібі деп, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операциялар туралы хабарлама жасауды қоспағанда, өтініш берушінің қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдардың жүзеге асырылуы басталғанға дейін бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органға хабарлама жасау міндетін белгілейтін рәсім түсініледі. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Хабарлама - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша жасалған, қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат. Хабарламаның нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.
2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi 1. Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актілерімен реттелмеген бөлiгiнде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың; 2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының; 3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының; 5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының; 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді 6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қызметінде қолданылады. 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-тармақ 7) тармақшамен толықтырылды 7) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi: 1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртібі әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға; 2) дайындалу рәсiмi өзге заң актілерінде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға; 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды.
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер: 1) заңдылық; 2) төменгi мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; 3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; 5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi; 6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; 7) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 8) мемлекеттік билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттік қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау; 9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бірыңғай болуы; 10) барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi; 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11) тармақша өзгертілді 11) үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді. 2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 3-бап 12) тармақшамен толықтырылды 12) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-тарау. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде шешімдер қабылдау тәртібі және оларды ресімдеу
4-бап. Мемлекеттік органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы 1. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды. 2. Мемлекеттік органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және: 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) бiр мәрте не уақыт бойынша өзге де шектеулi қолдануға есептелген; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) жеке-дара белгiлi бiр тұлғаларға қолданылады; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) жеке-дара белгiлi бiр тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін қолданады және (немесе) іске асырады. 3. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды. 4. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi. 5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс: 1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне қайшы келмеуге тиiс; 2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң біркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс; 3) құқықтық актiде белгiленiп отырған шаралардың мазмұны анық баяндалуға, құқықтық актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде iске асыру үшiн жауапты адамдар тобы айқын белгiленуге тиiс; 4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бір мемлекеттік органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс. 2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актілері қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс. 3. Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттік органдар қабылдаған құқықтық актiлер бір-бірiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттік органның құқықтық актiсi қолданылады. 4. Бір деңгейдегi мемлекеттік органдар қабылдаған құқықтық актiлер бір-бірiне қайшы келген жағдайда осы шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн органның құқықтық актiсi қолданылады. Мүдделi тұлғаның арызы бойынша бір құқықтық актiнiң басқа құқықтық актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттік орган немесе сот қабылдайды. 5. Мемлекеттік органдардың құқықтық актiсiнде, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс: 1) құқықтық актінiң атауы; 2) сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып; 3) актiнің қабылданған орны мен күнi; 4) тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары); 5) органның мөрi. 6-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен бақылау 1. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөніндегі ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады. 2. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттік орган (лауазымды адам) оны орындау жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi. 3. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттік орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi. 4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттік орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс. 5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
8-бап. Мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінiң күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы 1. Егер мемлекеттік органның құқықтық актiсiнде неғұрлым кеш мерзiм белгiленбесе, ол қабылданған кезiнен бастап күшiне енедi. 2. Мемлекеттік органның құқықтық актiсi осы құқықтық акт арналған адамдар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады. 3. Құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.
3-тарау. Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру рәсімдері
2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау 1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. 2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-1-бап өзгертілді 9-1-бап. Регламент, мемлекеттік орган және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже 1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды. 2. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара). 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара). 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара). 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Мемлекеттік органның мәртебесі мен құзыреті мемлекеттік орган туралы ережемен айқындалады. Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу мен бекіту жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) 5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындау мәселелері бойынша ереже бекітіледі. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-2-бап өзгертілді 9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді: жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады; мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады; жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынуға, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады; жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді — Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
10-бап. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет 1. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет - лауазымды адамдардың мемлекеттік органдарда жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, бағынысты қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмшiлiк шараларын жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi. 2. Мемлекеттік органның басшысы (алқалы мемлекеттік органдарды қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады. 3. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттік функциялар тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн қамтамасыз ету болып табылады. 11-бап. Алқалы мемлекеттік органдардың қызметi 1. Шешiмдерi мемлекеттік органдар мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттік органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауапкершiлiк, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi. 2. Алқалы органдар қызметiнiң негiзгi нысаны олардың отырыстары болып табылады, оларда осы органдардың шешiмдерi қабылданады. 3. Алқалы мемлекеттік органдардың отырыстарын дайындау және өткізу кезiнде уәкiлеттi органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi: 1) отырыстарды жоспарлау - осы отырыстарды өткізу жоспары әзiрленедi және бекітіледi. Осы жоспар тиiсiнше тоқсандық және жылдық мерзiмге әзiрленедi, ал тиiстi келiсуден кейiн оны алқалы органның басшысы не алқалы органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтедi. Бекiтiлген жоспар мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiледi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |