ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 370 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.17.05. № 275 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 15 қазандағы № 67 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.10.08. № 565 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын мемлекеттік басқару салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері және оның қарамағындағы ұйымдары бар. 3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|