Қазақстан Республикасының (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
2007.27.03. № 242-III ҚР Заңымен; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертіліді (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы; 2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау; 3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы; 4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар - өзіне: мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды; терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды; топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) агрохимикаттар - өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлылығын реттеуге арналған химиялық немесе биологиялық тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар (торфты, органикалық тыңайтқыштарды, мелиоранттар қасиеттері бар табиғи материалдарды қоспағанда); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды 6-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу - агрохимикаттарды сынау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға агрохимикаттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі; 7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз; 8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы; 9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарындағы аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал жасау және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, астықты қоспағанда, азық-түлiк тауарларының жедел қоры; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 10-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - мөлшері бірдей және сапасы ұқсас азық-түлік тауарларын кейіннен немесе бір мезгілде қорға сала отырып, оларды сақтау мерзімі (кемінде бір ай) өткенге дейін тіркелген бағалар бойынша азық-түлік тауарларын өткізу; 10-2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорында орналастыру және сақтау; 10-3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану - тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу; 10-4) азық-түлік тауарларының тіркелген бағалары - азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу үшін белгіленетін, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының бағалары; 11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі; 12) 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет; 13) ауыл шаруашылығы өнімі - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты және өнімі, оның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер; 14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі; 15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ; 16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы; 17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы; 18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі; 20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белсенді әрі салауатты өмірді сақтау үшін адам ағзасының негізгі тағамдық өнімдерге және энергияға қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейтін азық-түлік тауарлары; 21) 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды 22-1) инвестициялық салынымдар - жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды 22-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы - өзіндік құн мен рентабельділік ескеріле отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 22-3) тармақшамен толықтырылды 22-3) қайта өңдеуші кәсіпорындар - ауылшаруашылық өнімін бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) мамандандырылған ұйым - агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер; 24) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу, аталған көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру, оларды пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалау; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды 24-1) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне қайта өңдеуші кәсіпорындар ұсына алатын баға; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) сатып алу интервенциялары - мамандандырылған ұйымдардың, астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларын тіркелген бағалар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағаның төмендеуі кезінде сатып алуы жөніндегі іс-шаралар; 26) сервистік-дайындау орталығы - селолық тұтыну кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше селолық тұтыну кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге арналған объект; 26-1) субсидиялау - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 26-2) тауар интервенциясы - бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын тіркелген бағалар бойынша iшкi нарықта өткiзу жөнiндегi iс-шаралар; 27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары; 28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды 28-1) химиялық мелиорациялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарының қасиетін жақсарту және шығымдылығын арттыру үшін топыраққа химиялық әсер ету амалдарының жүйесі; 29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен принциптері 1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары: 1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету; 2) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету; 4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады. 2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу: 1) экономикалық өсу әлеуетi бар агро-өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы; 2) ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердiң талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестiк; 3) мемлекет жүзеге асыратын iс-шаралардың ашықтығы; 4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудiң атаулылығы; 5) отандық агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту; 6) iшкi нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы; 7) мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату; 8) агроөнеркәсiптiк кешен қызметiнiң және тұрғындардың ауылдық елдi мекендерде тұруының экологиялық қауiпсiздiгi; 9) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестiктерiмен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара iс-қимыл; 10) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі; 11) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажеттi көлемiн қамтамасыз ету; 12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Парламентінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне: 1) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жөнiндегі заңдарды қабылдау; 2) республикалық бюджеттi бекіту, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерiн бекіту кiредi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне: 1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу; 2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету; 3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту; 4) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; 5) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақы мөлшерiн бекiту; 6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту; 7) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту; 8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау тәртiбiн айқындау; 9) оларға қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту; 10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту; 11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту; 12) ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiту; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеу; 14) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшiн агроөнеркәсіптiк кешен салаларын айқындау; 15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау; 16) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi жөнiндегi мемлекеттің саясатын iске асыру; 2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекiту; 4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдау, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастыру; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың; азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының; азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу; 8) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту; 9) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу; 10) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін әзірлеу; 12) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттiң саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзу; 13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу; 14) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 15) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 20) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауына бақылауды, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі орындалуы міндетті ұйғарымды беруді жүзеге асыру; |