Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын: 1) «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы»; 2) «Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы»; 3) «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»; 4) «Ұлттық аккредиттеу орталығы»; 5) «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы». 2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн; 3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 77-1, 77-2, 77-3, 77-4, 77-5-жолдармен толықтырылсын: «77-1.»Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы 77-2. Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы 77-3. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 77-4. Ұлттық аккредиттеу орталығы 77-5. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы». 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|