ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 1-қосымша
Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жүргізу тәртібі
3. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды (бұдан әрі - ІҚМ) жыл бойы бонитирлейді: 1) бұқаларды жылына бір рет; 2) сиырларды сауын маусымы аяқталғаннан кейін; 3) қашарлар мен асыл тұқымды бұқашықтарды алты айлық жастан бастап. Бонитирлеу нәтижелері бойынша 1 қарашадағы жай-күй бойынша есеп жасалады. 4. ІҚМ бонитирлеу кезінде жануарларды тиiстi сынып бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау жүргізіледі. Бонитирлеу алдында: 1) жануарлардың жеке нөмірлерін тексеру, нақтылау және қалпына келтіру; 2) жануарлардың салмағын өлшеу (таңертең азықтандырылғанға дейін); 3) асыл тұқымдық есепке алу жазбаларын нақтылау. 5. Бонитер-сыныптаушы жануарларды бонитирлеу туралы деректерді селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына (бұдан әрі - САТЖАҚ ) енгізеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|