«АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-ө өкімі
(2020.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 Қаулысымен күші жойылды
Мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмысты үйлестіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төрағаның орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, хатшы»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: