Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкімі
(2019.23.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2017.11.04. № 43-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2019.23.04. № 69-ө өкімімен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 43-ө өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің
құрамы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі