|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: екінші бөліктің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын»; - Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын»; - Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын».»; үшінші бөліктегі «І және II дәрежелі» деген сөздер «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлік «III дәрежелі» деген сөздердің алдынан «Рахымжан Қошқарбаев атындағы» деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 26 сәуір № 78-VIII ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |