Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2020 - 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін. 2. Жоспардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 20-сыншы қаңтарынан кешіктірмей Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаментіне Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Министрліктің веб-порталында орналастыруды; 2) Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15-інші ақпанынан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 887 бұйрығының күші жойылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін. 6. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|