Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 желтоқсандағы № 954 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) 2017 - 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін. 2. Жоспардың орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайынғы есепті кезеңнен кейінгі жылдың, қаңтар айының 20-нан кешіктірмей, Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаментіне Стратегиялық жоспарды іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаменті: 1) бекітілген Стратегиялық жоспарды күнтізбелік 3 күн ішінде Министрліктің веб-порталында орнастыруды қамтамасыз етсін; 2) стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті, есептік кезеңнен кейінгі жылдың, ақпан айының 20-нан кешіктірмей дайындауды және оны Министрліктің веб-порталында орнастыруды қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 256 бұйрығының күші жойылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін. 6. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|