ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік
наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді
болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 38-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
45-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын.
2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
7-бап мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес айқындалатын ресми статистикалық және өзге де ақпаратты ашық қолжетімді орналастыру арқылы қоғам мен мемлекетті денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;».
3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ресми интернет-ресурсында:
1) жыл сайын 1 мамырға дейін өткен жылғы:
қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштерін және барлық тиісті индикаторлардың нақты нәтижелерін;
мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпаратты;
қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы мәліметтерді;
2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және жергілікті бюджеттің осындай іс-шараларға арналған шығыстары туралы есепті;
қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді орналастырады.».
4-тармақ 2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптағы «Қазақстан Республикасының басқа да ордендері, медальдары, құрметті атақтары және Құрмет грамотасы» деген сөздер «басқа да ордендер, медальдар, құрметті атақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен қайтыс болғаннан кейін наградтау еліміздің мүддесін қорғау кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда жүргізілуі мүмкін.»;
3) 13-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің және әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының жоғары офицерлік құрамдағы адамдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамдағы адамдары:»;
4) 14-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «ұлттық қауіпсіздік,» деген сөздер алып тасталсын;
5) 28 және 29-баптардың бірінші бөліктері «алқасымен» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының азаматтығы бар,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) VІІ бөлім алып тасталсын;
7) 36-баптың екінші бөлігіндегі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 42-бапта:
«Сыртқы түрі жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұқсастығы бар ордендер мен медальдарды, омырауға тағатын белгілер мен оларға қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ Құрмет грамотасын» деген сөздер «Сыртқы түрі, атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына толықтай немесе қандай да бір бөлігі ұқсас ордендер мен медальдарды, омырауға тағатын белгілер мен оларға қоса берілетін құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының, Қазақстан халқының және Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік емес наградалармен наградтауға жол берілмейді.».
5. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) маңдайша - дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыс-жайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы - түпнұсқаның мағынасы мен мазмұнын өзгеріссіз сақтайтын мәтіннің басқа тілге аудармасы;»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының негізгі мақсаты тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін реттеу болып табылады.
3-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері
Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік тілге және Қазақстан халқының тілдеріне бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету;
2) қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын кеңейтуді қамтамасыз ету;
3) Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау.
3-3-бап. Тіл саясатының қағидаттары
Тіл саясатының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдерді дамыту саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан халқының тілдерін еркін пайдалану.»;
4) 21-бап мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Маңдайшаны орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
Хабарлама:
1) маңдайшаны республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналастыру кезінде - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
2) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде орналастыру кезінде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі.
Хабарлама маңдайша орналастырылатын болжамды күннен кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Хабарламаға:
1) маңдайшаны орналастыру орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
2) маңдайшаның эскизі қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер ұсынған жағдайда маңдайша ескертулер жойылған кезде ғана орналастырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш беруші маңдайшаны өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.»;
5) 24-2-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ономастика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
6) 25-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілдерді дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
7) 25-2-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;»;
8) 25-3-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;».
6. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-қосымшаның 30-жолының 2 және 3-бағандарындағы «, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды» деген сөздер «және интернет-басылымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 63-тармақпен толықтырылсын:
«63. Маңдайшаны орналастыру туралы хабарлама.».
7. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы «кез келген» деген сөздер «ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ақпаратты проактивті тарату - қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпарат пайдаланушының сұрау салуынсыз және ақпарат иеленушінің бастамасы бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және (немесе) адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілер мен шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы мүддесінде ақпаратты тарату;»;
7) тармақшадағы «жария» деген сөз «қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жария» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) қоғамдық маңызы бар ақпарат - осы Заңның 6-бабында белгіленген, қоғамдық мүддені білдіретін ақпарат;»;
8) тармақшадағы «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар» деген сөздер «таратылуы шектелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы - мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты мен міндеттері
1. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға әркімнің конституциялық құқығының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер жасау болып табылады.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:
1) ақпаратқа еркін және тең қол жеткізу үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау;
2) әркімнің ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және қорғау;
3) ақпарат иеленушілер мен пайдаланушылар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
4) ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру тетіктерін және осы құқықты заңсыз шектегені үшін жауаптылықты белгілеу;
5) ақпарат пайдаланушыларды уақтылы және толық ақпараттандыру;
6) ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі үшін ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де талаптарды айқындау.»;
3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
1. Осы Заңның 5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпарат иеленушілердің иелігіндегі ақпарат ашық болып табылады (ашықтық презумпциясы).
2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығы;
3) анықтығы мен толықтығы;
4) өзектілігі мен уақтылығы;
5) ақпаратқа тең қол жеткізу;
6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу;
7) жеке өмірге, жеке басының және отбасының құпиясына қол сұқпау;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
9) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін есепке алу;
10) ақпаратты проактивті тарату;
11) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық.»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектеледі.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді шектеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті белгілі бір мерзімге ғана жүзеге асырылуға тиіс.
3. Егер осы баптың 1-тармағының талаптарына ақпараттың бір бөлігі ғана сәйкес келетін болса, онда осы бөлікке ғана қол жеткізу шектеледі.
4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға белгіленген мерзімде қол жеткізілмеген болса, шектеу мерзімі қайта қаралуы мүмкін.»;
5) 6-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын қоғамдық маңызы бар ақпарат»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың, мемлекет активтерінің жұмсалуын бақылау, мемлекеттік аудиттеу және қаржылық бақылау туралы;»;
12) тармақшадағы «архивтегі ақпаратқа қол жеткізу шектелуге жатпайды.» деген сөздер «архивтегі;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының тармақтарын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын орындау туралы;
14) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, электр желілері объектілерінің тиесілігі туралы қоғамдық маңызы бар ақпаратқа;
15) цифрлық активтер саласының жай-күйі туралы статистикалық деректерге қол жеткізу шектелуге жатпайды.»;
6) 6-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша ақпарат иеленушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) ақпарат иеленушілерімен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
5) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді;
6) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
7) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсынады;
8) Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
9) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін айқындайды;
10) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
7) 9-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзінің қызметі процесінде жасалатын және (немесе) жиналатын ақпаратқа тиімді және уақтылы қол жеткізуге қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шеңберінде қамтамасыз етуге;»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер:
1) ақпарат иеленушінің иелігіндегі ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің болуына немесе ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті адамды тағайындауға;
2) ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу туралы шешімді қабылдаған кезде осы Заңның 5-бабын басшылыққа алуға;
3) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, өздерінің қызметі процесінде жасалатын және (немесе) жиналатын ақпаратты проактивті таратуға міндетті.
Ақпаратты проактивті тарату жиі сұралатын және сұранысқа ие ақпаратты талдауға сүйене отырып, ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне кірмейтін ашық деректерді өз бастамасы бойынша орналастыру түрінде жүзеге асырылады.»;
8) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «және мүгедектігі бар адамдардың оларға еркін қол жеткізуіне жағдайлар жасайды» деген сөздер алып тасталсын;
9) 13-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осындай шешім жөнінде ақпарат пайдаланушыларға осы ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, масс-медиада және ақпарат иеленуші орналасқан үй-жайда орналастыру арқылы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының алқалы органдары ашық отырыстарды, оның ішінде интернет-ресурстарда трансляциялауды қамтамасыз етеді.»;
10) 16-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде орналастыру және жаңарту күнін көрсете отырып, интернет-ресурстарда:
1) қызметі туралы жалпы ақпаратты:
ұйымдық құрылымын, басшылары мен олардың орынбасарлары, олардың жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері туралы, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді;
байланыс деректерін;
құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ басшылары мен олардың орынбасарлары, олардың жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері туралы, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді;
аумақтық органдардың тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ басшылары мен олардың орынбасарлары, олардың жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері туралы, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді;
құзыретін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
ресми жаңалықтарды, баспасөз релиздерін;
жаңалықтар легін;
басшыларын, олардың орынбасарларын, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың, еншілес ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ақпаратты;»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметі туралы жалпы ақпарат:
тарихы;
ұйымдық құрылымы (басшылары көрсетіле отырып, бөлімшелердің тізбесі);
басшылығы туралы мәліметтер (жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтер);
қызмет түрлері;
даму стратегиясы, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары;
консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;
анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің және еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);
активтерді сатып алу (иеліктен шығару), басшы құрамдағы (оның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдардың) кадрлық өзгерістер туралы ақпарат;»;
14-1-тармақ алып тасталсын;
11) 17-бапта:
1-тармақтағы «мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастырады және уақтылы жаңартып отырады.»;
«Ақпаратты иеленушілер ақпаратты проактивті тарату мақсатында ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыруға да құқылы.»;
5-тармақтағы «стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 17-2 және 19-1-баптармен толықтырылсын:
«17-2-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін:
1) мүгедектігі бар адамдарға арналған, оның ішінде бедерлі - нүктелі Брайль қарпімен басып шығарылатын мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет шығару;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаның сурдоаудармасы немесе субтитрлер түріндегі аудармасы;
3) мүгедектігі бар адамдарға арналған веб-контенттің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық стандартқа ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарының сәйкес келуі;
4) көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың пайдалануы үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері интернет-ресурстарының бейімделген болуы;
5) ақпарат иеленушілердің қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға еркін қол жеткізу;
6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурсында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы өзекті және толық ақпаратты орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас құралы ретінде ымдау тіліне аударма қолданылады, ол есту қабілеті бұзылған балаларға арналған білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларында да қолданылады.»;