Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-II Заңы (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «аудиторлар мен», «аудитормен немесе», «аудиторды және», «аудитордың немесе», «аудитордың және», «аудиторды немесе», «жеке кәсіпкер ретінде аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлар және», «аудиторларды немесе», «аудиторларға және», «аудитор және», «аудитор немесе» деген сөздер алып тасталды (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi 4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi 4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты 8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi 9-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 10-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 11-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату 12-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы 13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы 15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi 17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi 4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі 18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау 19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi 20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығы 21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi 22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аудиттеу субъектiсi - аудиторлық ұйыммен аудит жүргiзуге шарт жасасқан заңды тұлға; 2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi; 4) сақтанушы - сақтандырушымен аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан аудиторлық ұйым; 5) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 6) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 7) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 8) сақтандыру жағдайы - басталуына орай аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 9) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға; 10) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату. 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады. 4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi 1. Аудиторлық ұйымның аудиттi өткізу кезiнде мүлiктiк зиян келтiрiлген аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 2. Мыналар аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: аудиторлық ұйымдардың қызметiн аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бар болған кезде жүзеге асыру; тараптардың аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 1. Аудиторлық қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алған аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Аудиторлық ұйымның кәсiби қызметтi жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiне ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды. 6-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық ұйымның қызметiн жүзеге асыруына жол бермеу 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Аудиторлық ұйым аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қызметтi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 7-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2. Аудиторлық ұйымдардың осы Заңның аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгіндегі талаптарды орындауына мемлекеттік бақылау және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік органға оның Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде жүктеледi. 2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртібі 1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында аудиттi өткізу кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн аудиттеу субъектiсiнiң пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, сақтанушының аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген зиян салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша, моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады. 4. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының мазмұны мен ресiмделуi жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгін міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 5. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе аудиттеу субъектiсiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен аудиттеу субъектiсiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады. 9-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 1. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi. 3. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi. 10-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда; 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда; 3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 11-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату 1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. 2. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын орындамаған сақтандырушының кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға мiндеттi. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың өзге жағдайларында сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн сақтандырудың қолданылуы iшіндегі уақытқа барабар алуға құқығы бар. 12-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы Аудиторлық ұйымдардың мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың талаптары, негiздерi және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады. 13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтанушы: 1) сақтандырушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 2) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайларда алуға құқылы. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 2. Сақтанушы: 1) сақтандыру сыйлықақысын аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге; 2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынуға; 3) аудиттi өткізу нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап, шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға; 4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi пайда болған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға; 5) аудиттеу субъектiсiнiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға; 6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөніндегі шараларды қолдануға; 7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтандырушы: 1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға; 3) аудиттеу субъектiлерiнiң сақтанушының аудиттi өткізуге байланысты өз мiндеттерiн орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянын өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға; 4) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиянға жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға; 5) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 2. Сақтандырушы: 1) сақтанушыны аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға; 3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге; 4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге; 5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы 15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi Сақтандыру сомасының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сомасының мөлшерi: 1) 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) аудиторлық ұйыммен жасасқан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасқан күнгi белгiленген 10 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиіс. 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен аспауға тиiс. 17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi 1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi тараптардың келісімiмен белгiленедi. 2. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. 4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі 18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау 1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi сақтандыру жағдайы деп танылады. 2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушы аудиттеу субъектiлерiнiң зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi. 3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы аудиттеу субъектiсi талап еткен сомаға орай немесе соттың осы Заңның 8-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды. 4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады. Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi. 5. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша франшиза мөлшерi тараптардың келісімi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте франшиза мөлшерi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кететiн жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады. 19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртібі 1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы не аудиттеу субъектiсi сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса жазбаша нысанда ұсынады. 2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi: 1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 2) аудиттеу субъектiсiнiң келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын, зиянды өтеу туралы сақтанушы таныған құжаттар қоса берiлген талабы немесе соттың аудиттi өткізу кезiнде сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген шешiмi; 3) заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат; 4) сақтанушы мен аудиттеу субъектiсi арасында жасалған, аудит жүргiзуге арналған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi; 5) зиянды болдырмау немесе мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (бар болса); 6) аудиторлық есеп-қисаптың көшiрмесi, аудиттеу субъектiсiнiң келісімiмен. 3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып анықтама беруге мiндеттi. 4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес. 5. Аудиттi өткізу нәтижесiнде сақтанушы зиян келтiрген аудиттеу субъектiсi, ал аудиттеу субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда - оның құқық мирасқоры пайда алушы болып табылады. Аудиттеу субъектiсiне (оның құқық мирасқорына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығыстарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табылуы мүмкiн. 6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды. 7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы заңдары3-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар6-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай аудиторлық ұйымның қызметiн жүзеге асыруына жол бермеу7-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк қадағалау және бақылау 2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi9-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы10-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату11-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату12-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы13-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi 4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығы21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi 5-тарау. Қорытынды ережелер |