«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 57 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2409 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 267 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 57 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2543 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|