«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қазандағы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 тіркелген, 2006 жылғы 17 тамыздағы № 150 (956) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев 2015 жылғы «_____» __________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев 2015 жылғы 10 шілде
Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 346 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығымен бекітілген
Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|