|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2019.03.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті 11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау 12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері 14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу 15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот 16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері 19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары 21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары 22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары 23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) автожанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық. Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді: тұрақты - жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі; контейнерлік - мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі; жылжымалы - автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі; 2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар; 5) инвестициялық бағдарлама - экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы; 6) компаундтеу - белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) қайта өңдеу өнімдері - мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда 7) қанықпаған мұнай өнімі - нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі; 8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші - жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) мұнай беруші - осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға; 10) мұнай өнімдері - мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) мұнай өнімдерін беру жоспары - Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға; 12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші - мұнай өнімдерін одан әрі бөлшек сауда арқылы өткізу мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші - мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) импорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағына меншікті мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда 15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің, импорттаушылардың мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін өткізуі жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) мұнай өнімдерін өндіру - мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені; 17) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемі - мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі; 18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі - мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау; 19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) мұнай өнімдерін өндіруші - меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 21) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты; 22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда 23) мұнай өнімдерінің базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені; 24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор - өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 24-2) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 24-3) тармақшамен толықтырылды 24-3) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі - технологиялық жабдықты, резервуар паркін, мұнай өнімдерін құю эстакадасын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қабылдауға, мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, ағызуға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені; 25) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда 26) резервуар - мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 27) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның хабарламасы - мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай берушіге, импорттаушыға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қағаз түріндегі немесе электрондық түрде жіберген жазбаша хабар; 28) ілеспе жүкқұжат - мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату және қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті, жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жол бойында мұнай өнімдерімен ілесе жүретін құжат; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды 28) түпкі тұтынушы - мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз сатып алатын жеке және заңды тұлғалар.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады. 1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнімдерін кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз өткізуі кезінде туындайтын; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу: 1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекіту; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарын бекіту; 3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау; 6) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 7) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын белгілеу; 8) мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге мониторингті жүзеге асыру; 9) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері 1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады. 2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері: 1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау; 2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау; 3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру; 4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады; 2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) - 12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды; 12-2), 12-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12-4) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды 12-5) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының операторын айқындайды; 12-6) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган: 1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді; 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін беру жоспарларын бекітеді; 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді; 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады; 14) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерінің өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның құзыреті8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыреті10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау11-1-бап. Мұнай беруші12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шот16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері19-бап. Мұнай өнімдері айналымының шарттары20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу талаптары22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу талаптары23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттiк реттеудің ерекшеліктері25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |