Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы (2023.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.04.05. № 80 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74), 77) тармақшаларына, 156-бабының 2-тармағына, 174-бабының 6-тармағына, 176-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жіберілмейтін психикалық белсенді заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пихикалық белсенді затты тұтыну фактісін және мас болу күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жыныстық сәйкестендіру бұзылулары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысты ауыстыруды жүргізу тәртібі; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сот қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделуі деп шығарылғандардан басқа денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетудің мәжбүрлі емдеуге арналған ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлі емдеуге ұшыраған адамдардың қолдаушы емдеуден өту қағидалары бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|